Za darmo

Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы

Tekst
4
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa

Будданың философиялық ілімі «қалауды» тастау және осылайша жеңілдеу және ішкі соғысты жою болды, осылайша олар адамға жедел әрі бақытты болудың қарапайым жолын ұсынып отыр. Бірақ бұны сіз қазіргі заманның адамдарына айтып көріңіз, олар бұл идеологиядан бірден бас тартып, қарсы болады.

Бұл идеология маңызды болғанымен, бұл толық салынып біткен жол емес. Сіз қабылдау керек маңызды фактілердің бірі – қазір БАР екеніңізді қабылдау және сізде БАР нәрсенің бағасын білу. Сонда сізде жан тыныштығы пайда болады және сіз шын бақытты адамдар сияқты қуана аласыз.

Сіз нені күтсеңіз, ол сізді күтеді, сіз қайда барғыңыз келсе, ол сізге қарай барғысы келеді. Міне осы – толық салынып біткен жол. Бірақ әлі де сапасыз.

Бұл кітаптың идеологиясы қазіргі БАР – ыңызға қанағат етіп, сізде БАР нәрсені ғана қабылдап, өмір сүруді (шығармашылықты) тоқтату керек дегенді білдірмейді. Керісінше сіз қалағанның бәрі сіздің миыңызда (қазіргі болмыс деңгейіңізде) БАР дегенді білдіреді. Ми (болмыс) – сізді бақытқа жеткізе алатын жалғыз меншігіңіз. Жаратылыс деңгейінде сіз өз миыңызбен қазірден бастап өзіңізді бақытты сезіне бастасаңыз болады, әрекет ету мен иелік ету – ді екінші планға қойып. БОЛ, ІСТЕ, АЛ темасына қайта оралайық.

Өмір – бұл тек АЛ – у ғана емес

Көптеген адамдардың өмірінің мәні – өмірден бірдеңе АЛ – у. Ал ақиқатында АЛ – атын ештеңе жоқ. Бізге тек БОЛ – у керек. Түпкі нәтижені беретін болмыс (ми). Сіз міндетті түрде түсінуіңіз керек, сіздің өміріңіздің ІСТЕ мен АЛ дейтін бөліктері – өміріңіздің сапасын анықтамайды. Сіздің өміріңіздің сапасы экзистенциалды аспектімен анықталады. Экзистенциализм – қазіргі философия мен әдебиеттегі иррационалистік (ақылмен ғана шектелмейтін) бағыт, адамның болмысын зерттейтді, ақиқатты түсінудің негізгі әдісі ретінде бейсананы растайды. Сіздің кім екеніңіз – сіздің өзіңіз туралы саналы қабылдауыңыз – сізбен не болып жатқанын басқарады.

Сіз проблемаларды шешуге және жағдайды жақсартуға тырысқанда, өте бір қызық жағдай болады, сіз – БАР нәрсені байқамай, ұмыта бастайсыз. Сондықтан бақыт пен қанағат табудың жалғыз жолы – дәл қазір БАР нәрсеге көңіл толу, көңіл тою. Сонымен сізде не БАР? Біздің ойымыз әрдайым ЖОҚ нәрсені ойлауға дағдыланған. Сіздің БАР – ыңыз өмір (физикалық) және ғайып (метафизикалық) заңдылықтарға сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе сіздің өміріңіз жалған, ал бізге бақытты болу үшін ақиқат қажет. Ақиқаттың не екенін мен алғашқы Үш кітапта (Бақытты болуды үйреніңіз!) айттым.

Тағы да қайталайын, мен сізге мақсат қоймаңыз немесе жоспар құрмаңыз деп айтпаймын. Мен сізге қазіргі сәтте көңілді толтыру, тойдыру керектігін айтамын, өйткені бұл сіздің қолыңыздан келеді және бәрі мимен жасалады. Ертеңгі күн үшін әрекет етіңіз, бірақ бүгінгі күн үшін өмір сүріңіз. Сіз үшін бұл өмірде «өмір сүріп жатыр» деген атқа лайық болу үшін сізге осы өмірде БОЛ – у жеткілікті. Бақыт болмыстан бастап құралады.

Өмірде бізде тек екі таңдау бар. Біріншісі – бізде БАР нәрселерге көңілді толтыру, тойдыру, екіншісі – бізде ЖОҚ нәрселерді уайымдау, жақсы болады деп үміттеніп, әлі келмеген ертеңгі күнге барлық назарды аудару және солай уақытты өлтіру. Басқа таңдау жоқ. Енді есіңізде сақтаңыз: қалаған нәрсені АЛ-у сіздің өміріңізді болмыс деңгейінде өзгертпейді, сондықтан сізде ЖОҚ нәрсе сіздің кім екеніңізді білдірмейді. Яғни сіздің шынайы ішкі жан дүниеңіз (ми), сыртқы, дүние атты өмірмен (жағдай) өлшенбейді. Олай болатын болса, жалпы өмірде, ертеңгі мақсаттар орындалмайтын болар еді. Әркім өз жағдайын сылтауратып ешкім қол еңбегімен де, ой еңбегімен де айналыспас еді. Жалқаулық дертіне шалдықпас үшін болмыс деңгейінің (сананың) шекарасын кеңейту керек, сол себепті барлығы болмыстан яғни мидан (шынайы мен – нен) басталады.

Егер сіз бір мақсатқа жетуге немесе бақытқа жету үшін бірдеңе АЛУ – ға байланған болсаңыз, сіз өмір бойы тиін дөңгелегінде боласыз. Сіз жүгіре бересіз, бірақ дөңгелек тоқтамайды, ақыр соңында бұндай өмірден шаршап, бақытсыз болып өтесіз. Тағы да ескертемін: сіз алған нәрсе, сіз жеткен белес, сізді болмыс (сана) деңгейінде өзгертпейді. Сіз сол баяғы қалпыңызда қаласыз. Сіз гипноздық сенімнің негізінде әрекет етесіз: ЖОҚ нәрсе БАР болса жақсы, БАР нәрсе одан сайын көбірек болса тіпті жақсы, жалпы біз ЖОҚ жердің барлығы жақсы. Кейбір адамдар өз үйі бола тұра, сол үйде жүріп өзін бақытсыз сезінеді, ал кейбір адамдардың жеке меншік үйі ЖОҚ, үйім БАР болса мен бақытты боламын деп ойлайды.

Қалаған нәрсеге қарай ұмтылыңыз, өмір атты сапардан ләззат алыңыз, бірақ түбінде өз қалауыңыздан өзіңіз өкініп қалып жүрмеңіз. Өмір – бұл белгілі бір баратын жер емес, саяхат деп елестетіңіз. Біліңіз, егер сіз қалағаныңызға қол жеткізсеңіз, ол сіздің болмыс деңгейіңіздегі адамды, яғни сіздің санаңызды өзгертпейді. Сондықтан көңіліңізді ақиқатпен толтырыңыз, пайдалы ақпаратқа тойдырыңыз, өзіңізді сөзсіз жақсы көріңіз және барлығымен бірге сапарға қатысыңыз, бөлектенбеңіз. Өмірде сый мен марапат АЛ – удан болмайды, ІСТЕ – уден туындайды. Бұл сапарға бәрімен бірге қатысудан туындайды. Өз сценарийіңізді өзіңіз жазу – сіздің сапарыңыз қандай болатынын және баратын жеріңіздің қандай болатынын өзіңіз шешетіндігіңізді білдіреді, басқа ешкім емес.

Әрі қарай біз ниет пен қалау тақырыбына өтеміз. Адамның ниеті мен қалауы дұрыс болу үшін – адам кім БОЛ – ғысы келетінін, не ІСТЕ – гісі келетінін және не АЛ – ғысы келетінін нақты және анық білуі керек.

Сіздің ниетіңіз бен қалауыңыз ғаламды қозғалысқа келтіреді

Өміи сіздің ниетіңіз бен қалауыңызға қарай ағып жатады, сондықтан кез келген жағдайда сіздің нақты ниетіңіз бен қалауыңыз туралы түсініктің болуы маңызды. Егер сіз өзіңіздің мақсатыңызды айқын көре алсаңыз, сіздің бейсанаңыздағы «жетістік механизмі» сізге оған жетуге көмектеседі. Эдисон өзінің өнертабыстарымен жұмыс жасай отырып, қайда жеткісі жететінін үнемі есте ұстайтын, және ол осылай жасау арқылы, кез келген сәтсіздік оның жетістікке жетуін қамтамасыз етті.

Көптеген адамдар проблемаларға тап болады, себебі олар Жаратушы қалаған өмірді емес, тек өзі қалаған өмірді жасайды. Олар қайда жеткісі келетінін нақты анықтамағандықтан, олар қателеседі, адасады, шатасады және сол қалауына жеткен кезде оның қалай және қандай болатынын анық елестете алмайды. Бақытты адамдар бақытты, өйткені олар өздерінің ойларында олардың түпкі нәтижесі қандай болатынын анық бейнелейді. Олардың қиялы мен ақылы шебер жұмыс жасай біледі.

Жаңа жылдық анттар неге орындалмайды деп ойланып көрдіңіз бе? Бұндай аттарды әсіресе жаман әдетке тәуелді адамдар береді. Тіпті мен саусағының ұшынан қан ағызып ант берген, рухани дертке шалдыққан адамдарды білемін. Оларда түзелуге деген сондай жақсы ниет бар, бірақ түпкі нәтиже теріс болып шығады. Біз жиі: «Мен енді тәтті жемеймін», «Балаларға айқайлауды доғарамын», «Мен енді артық тамақтанбаймын» т.б. деген сияқты жалған уәделерді өзімізге айтамыз. Бірақ бұл жаңа жылдық анттар сіздің кім БОЛ – ғыңыз келетіні туралы емес еді. Олар сіздің кім БОЛ – ғыңыз келмейтіні туралы болды. Бұл соңғы нәтиженің бейнесі емес, бұл өзіңізді өзіңіз қабылдамау. Өзіңізді өзіңіз қабылдамау деген – қазіргі уақыттағы жаңдайыңызға теріс реакция, өзіңізбен негативті сөйлесудің бір түрі.

Дәл осы себептен көптеген әлемдік, іскерлік және жеке бас проблемалары жалғасуда – адамдар тек проблемаға ғана назар аударады және олар қаламайтын нәрселерге көп уақыт пен күш жұмсайды, ал нәтиже, дәлел немесе түпкі мақсатқа көбісі уақыт пен күш жұмсағысы келмейді. Себебі адамзат пен табиғаттың құрдымға кетуі бұл метафизикалық (ғайып) заңдылық және оған қарсы ешкім ешнәрсе істей алмайды, себебі Жаратушының жоспары солай – адамдар бұл дүниені жойып, ақырзаманды өздері орнатуы керек, ал бізге «Бас Жоспарға» бағынудан басқа амал қалмайды. Дегенмен бұл үмітсіздік пен шарасыздық емес.

Мақсат қоюға деген жаңа көзқарас

Мақсат қою – бұл сіздің өміріңіздің сәттілігін немесе сәтсіздігін анықтайтын негізгі фактор және бұл – әрекет ету мен иелік етуге тығыз байланысты. Сіз қайда бара жатқаныңызды білмей-ақ іссапарға шыға аласыз ба? Сіз теннис алаңының қай жерде екенін білмей, теннис ойнауға бара аласыз ба? Сіз аптасына бір рет азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу үшін үйден шығып, бірақ оларды қай жерден сатып алу керек екенін білмей, қалауыңызға жете аласыз ба? Сіз шипажайдың қайда екенін білмей демалу мен емделуге дайын бола аласыз ба? Біздің іссапарлар мақсатқа лайық, демалыстар мен емделу мақсатқа лайық, ойнайтын ойындар мақсатқа лайық, тіпті біздің күнделікті сатып алуларымыз да мақсатқа лайық, бірақ біз үшін ең маңызды өмір атты саяхат мақсатқа лайық емес – біз өз өмірімізде анық және нақты мақсаттарды сирек қоямыз.