Za darmo

Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы

Tekst
4
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa

Қатаң мерзімдермен жұмыс істеу кезінде тепе-теңдік, үйлесім, баланс сақтау маңызды. Сіздің белгілеген мерзіміңіз, сіздің қожайыныңыз емес, сіздің құлыңыз болуы керек. Егер күтпеген жағдайларға байланысты сіздің уақыт кестеңіз сақталмаса немесе өзгертуге тура келсе, демалыңыз, реттеңіз және мерзімді қайта орнатыңыз. Кейде сіз уақытша сәтсіздікке ұшырауыңыз мүмкін, бірақ сәтсіздік пен жеңілістің арасындағы айырмашылықты айыра білуді үйреніңіз. Сәтсіздік – уақытша, жеңіліс – мәңгілік. Егер сіз сәтсіздікпен күресуге дайын болсаңыз, жеңіліс сізді алаңдатпауы керек.

Неліктен бұл сізге шынымен көмектеседі?

Көптеген адамдар мақсатты сәтті қоя алмайды, өйткені олар пайданы, сый мен нәтижені, кедергілерді, шешімдер мен шығындарды өлшемейді, қарастырмайды. Егер сіз осы қадамдардың барлығымен жұмыс істеуді таңдасаңыз, сіз дұрыс жолда БОЛ – асыз және сіздің мақсатыңызға жету үшін қажет баға мен егжей-тегжейге басты ауыртпайсыз. Сіз мақсатыңызға толық жетуге мүмкіндік беретін, қағазға жазылған нақты қадамдарға ғана назар аударуды үйренесіз.

Мақсатты қолданудың негізгі факторы – оң кері байланыс. Онсыз сіз жоспар жазуды жалғастыра алмайсыз. Сондықтан сіз әрқашан аяқтаған мақсаттарыңыздың тізімін жүргізіңіз, соның ішінде сіздің мақсатқа жету жолындағы жеңген кедергілер. Осының барлығын жоспар дәптеріне түсіріп және де оны жиі қараңыз, себебі біздің кез келген ақпаратты тез ұмытатынымызды ұмытпаңыз. Мақсаттарға қол жеткізген кезде, оларды дәптердің соңына жазып, оларды мезгіл-мезгіл қарап отырыңыз. Қол жеткізілген мақсаттар тізімін үнемі жаңартып отырыңыз. Бұл бақылау тізімін (жоспарды) қараған сайын, біз талқылаған процесс арқылы қалағаныңызды АЛ – у мүмкіндігіне тағы қосымша сенімділік пен мотивация пайда болады.

Сырттай қарағанда, бұл артық жұмыс пен текке кеткен уақыт сияқты көрінеді. Дегенмен, мен сізді сендіріп көрейін, сіз қалауыңызды, арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыра алмай өмір сүру – одан да артық жұмыс істеп, уақыт жұмсау қажет болады дегенді білдіреді.

Бұл процестің қарапайымдылығына алданып қалмаңыз және оның артындағы күшті бағалауды ұмытып кетпеңіз. Олай ету сіздің әлеуетіңізді төмендетеді. Жоспарлауды бастаңыз және өзіңіздің сценарийіңізді жазыңыз. Өз сценарийіңізді жазу арқылы өзіңіздің өмірлік тарихыңызды жазасыз. «Іс-әрекет жоспарыңызды» жазып, оны орындау – сізді өмір бойы марапаттайтын, сый-құрметке бөлейтін әдет.