Za darmo

Əн бұлағы

Tekst
0
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Жоқ, емес. Тас қамалға тастаған да
ешкім жоқ… Ұзатылды ол.
– Қалай?
– Кімге?
Əйтеуір Естай емес, басқа адамға.
 
 
Міне, осы бар болғаны əңгіменің!
(От болып өкінішім жанды менің).
Жағада жас қамысын дір еткізіп
Маралды бір күрсініп алды демін.
 
 
Көл беті: лай ақты айғызданып,
Қара жел болып есті қайғы ызғары;
тоқалын сабап кəрі бай қызғанып,
көлінде аққаулардың шүрегей жүр,
қыранның тұғырында байғыз қалып.
 
 
Түйілді қыр қабағы қатпарланып,
Бұлбұлдың көз жасына бақтар қанып,
Еңіреді екіленіп аққан бұлақ,
Жылауға тастар ғана жатты арланып.
 
 
Сонда да жазғы дала маужырады,
Толтырып толқын жатты сай-жыраны.
Қайығын махаббаттың тағдыр айдап,
Жұмбақ ед сол қайықты қайда ұрары –
 
 
Тауға ма, тасқа ма əлде белеңге ме,
Соғып ед нелер қайық, нелер кеме.
Отыр ед сол қайықта ол желге сеніп
Желігі – көңіл деген көбең кеме.
 
 
Көңіл ғой: бірде жарлы, бірле байып,
Кететін ақ желкенін желге жайып.
Жел тынды, бірақ кенет дауыл ұрып,
Айдында күл-пəре боп сынды қайық.
 
5. Естай жыры
 
«Еркесі Маралдының Хорлығайын,
Табиғат берсе-дағы күн мен айын,
аққуым, айдыныма қона алмадың,
Мен жалғыз, арманым көп – неғылайын!
 
 
Менің де сый-сыбағам болды дайын,
Бір өнер – ол да азап, ол да уайым.
Туған жер аспанында шоғырланған,
Қара бұлт, сен жылама, мен жылайын.
 
 
Ескен жел, сен зарлама, мен зарлайын,
Соғайын толқын болып жар маңдайын.
Жатса да күнім сынып, айым қирап,
алысып бір өлуді армандайын.
 
 
Арпалыс қызығына кенелейін,
Қуалап бір елесті жөнелейін.
Туған жер жүрегінен жарып шыққан,
Бір тал гүл, сен тірі бол, мен өлейін».
 
* * *
 
«…Дариға, өшкенім бе жанып барып,
дақ түсті, бір қара шабытқа анық.
Баладай жаңа ғана тəй-тəй басқам
Қу заман, құлаттың ба шалып қалып?!
 
 
Азабы жасытқанда жан-дененің
Көзімнің жасын жұтып əлденемін.
Аузымнан жыр орнына жалын шықты,
зар болды əһеу-у десем əн дегенім.
 
 
Көрсем де көкте күнді, жарық айды,
Қуаныш енді маған дарымайды.
Келешек, үміт күтем, саған сенем,
Өткеннің бəрі өкініш, бəрі қайғы.
 
 
Құлашы, байғұс денем, бекер, бекер,
бекер боп бар ғұмырым өтер ме екен,
 

Inne książki tego autora