Za darmo

Əн бұлағы

Tekst
0
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
шын қасірет екенін біліп пе еді ол?!
 
 
Ал, егер ақталмаса үміт деген
Анық ед тағдыр жолы ол атаған,
сенімін сері кеуде тонатпады, ал
айырылысарда үзіліп қыз көзінен
бір жұлдыз бұл кеудеге қонақтаған…
 
* * *
 
Ақ үйдің іші де адам, сырты да адам,
Аралас сөз бен күлкі бұрқыраған.
Ас, тойға жиылғанға ұсап кетті,
Арқаның дүйім елі-жұрты маған.
 
 
Ақ үйдің іші қайғы, сырты жайлы,
Сырты жайлы дүние жылтырайды.
Сол үйде біреу отыр дауыс етіп,
Тыңдасаң сай-сүйегің сырқырайды.
 
 
«Мен – бір жанмын шерменде,
үміт те маған көп пе еді?
Үмітім өшті кеудемде,
Күнім сөнді көктегі –
Көрмейсің ғой, ағайын!»
 
 
Қалың малға сатылдым,
Он жетіге келгенде.
Бір қу шалға қатынмын,
Қатыннан нəлет сендерге –
Сезбейсің ғой, ағайын!
 
 
Келмеді ме сол бір жан,
Сарқылды ма бұлақ-əн?!
Тірлігім бар болдырған,
Бір гүлім бар құлаған –
Құлаттың ғой, ағайын
 
 
Арманым көп, арманым,
Арманға қайғы жамалар,
Тікенді тор жан-жағым,
Қозғалып кетсем қадалар –
Жылаттың ғой, ағайын!
Көзімде жас мөлдіреп,
Көңілімде – жалғыз жар.
Естиінші соңғы рет
«Жай қоңырға» сал, қыздар,
Рұқсат етші, ағайын!»–
 
 
Сұр дала осын-ау зарды дамылдатты,
Күңгірт көк көңіл бұлтын қалыңдатты.
Ал, сыртта бір есердің сойылына
Жығылып Естай ақын талып жатты.
 
4. Махаббат тағдыры
 
«Қайғысын, азабын да махаббаттың
Өз басым бақытым деп атамақпын.
Бұл өзі біреуге шөл, біреуге көл
ал, маған өрт болғанын білер ме еді ел!»
Жыр туды осы сын-ды бірер көбең,
Көбең боп өнерге есе жібермеді ол.
Тұрмыста, махаббатта кетті есесі, –
есесізбен сен неге кектесесің?!
Қайтадан қайрат жию үшін уақыт
көп керек, бір жасыса жігер деген.
 
 
Бəрін де адамын деп ойлады ақын,
тек бір дертті ойламады бойды алатын.
От еді, өмірінен жел сұрады ол,
Замана таяқ берді қой бағатын.
 
 
Өтеді ол өнерімен дос тілегін,
тек қана сол өнермен өсті көңіл.
Бұлақ ед күй тілеген,
Ұйқылы-ояу
Тағдырдың сұр жартасы тосты жолын.
 
 
Сондықтан қорғады əннің ар-намысын,
Сондықтан үміті – сыр, арманы – шын.
Тірі боп көрді соққы тірлік үшін,
тірліктің тұтқындағы Хорланы үшін.
 
 
Сол Хорлан тұтқын ба екен тас қамалға?
 

Inne książki tego autora