Za darmo

Əн бұлағы

Tekst
0
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
 
 
«Бір қыз бар Маралдыда Хорлан атты,
Хорланды көп көзінен қорғамақ кім?!
Бишілер бу жамылып, суға қызып,
күйшілер перне бойлап жорғалапты.
 
 
Жел есті Маралды деп алып ұшып,
Шың тұрды Маралды деп сағым құшып.
Арқада ақ кеуде бұлт Баян-таумен,
Көрісті Маралды деп сағынысып.
 
 
Шыдамай Қарқаралы қар жамылған,
Қарайды қара бұлттың ар жағынан.
«Бір қыз бар Маралдыда…
ал, болса ше?
Сен өзің қайдан шықтың,
зар-жақ ұлан?»
 
 
…Құс-бегінің жүзінде сыз бар əлі:
көжекті де ілмеді мұз-балағы.
Мергендер тал тасалап,
бір-бірінен
Маралды маралын да қызғанады.
 
* * *
 
«Бір қыз бар Маралдыда Хорлан деген,
Барар ем адаспасам Орманменен.
Маралды аспанындай алыс арман,
Маралды көлі жақын болғанменен» –
 
 
Деген əн иен өлкеде талып ұшты,
əндердің талып ұшқан мəні күшті.
Сол əнмен күндер өтті,
көл қалды сол тербетіп махабатты, сағынышты…
 
3. Естай
 
Еркіндеп қаға алмас əн қанатын,
Серілік қыз бен атқа алданатын.
Қайғырса ақын байғұс арман аңсап,
Несі бар қайғысына таңғалатын?!
 
 
Ол ақын кəдімгі Естай – қайғылы ақын,
Сол қосқан өнер деген бəйгеге атын.
Дұшпандар, сол-ақ екен, ізін аңдып,
Достары жол іздеді айырылатын.
 
 
Содан да көңлі қалған əнші мұңды,
тұтса егер аяғынан бал шыбынды,
қыранды қанатынан көл тұтыпты,
жүрегін сынап біраз толқытыпты…
 
 
…Келеді ол тағдыр салған жолды басып,
Жол үсті кеудесіне домбыра асып,
Сорына, уа, сорына өз басының,
бағына өнерінің – болды ғашық.
 
 
Найза емес, бұл майданға көңлі налып,
Шығып ед екі ішекті домбыра алып.
Ұшқан үн екі ішектен
қоңыр қаз боп
Төсіне Маралдының қонды барып…
 
 
Жол жатты қара белде қайқаң қағып,
(Бұл өзі жол ма, сор ма – сайтанға анық).
Осынау аз ғұмырда
Естай ақын
Уəде етті қанша қызға – айта алмадық.
 
 
Бұл жолы келеді Естай тағы асығыс,
Көңіл алабұртқанмен, дала тыныш.
Жатса да дала тыныш,
көлде – толқын,
Не деген қызық еді жаратылыс!
 
 
Сол көлдей толқытты оны ой-арманы,
ой-арман құмарлықты қоя алмады.
Ежелгі жалқау дала жатты ұйқыда,
көл қанша толқыса да – оянбады.
 
 
Уəдені бергенімен күліп тұрып,
Кетіп ед қызды шын-ақ үмітті ғып,
Ақталса үміт – бақыт күліп келер,
 

Inne książki tego autora