Za darmo

Көке

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa

Асылбек: Нұрлыбек қайда?

Мадина: -Балалардың бәрін таңертең көрші ауылға егіске алып кетті

33-ші көрініс

Егіс. Әйелдер егіс егіп жүр. Колхозшы бір топ балаларды ертіп келді.

Колхозшы: -Ай қатындар! Көмекшілерді қабылдаңдар!

Әйелдер балаларға қарады. Кенеттен –Апааа!!! -деген дауыспен бір бала топтан атып шықты.

Бала (жылап):-Апа!Апатай!

Шешесі (жылап):-Балам! Балапаным!

Бала (жылап):-Апа!

Шешесі (жылап):-Жаным, құлыным кешір мені!

Бала:-Апааа!

Шешесі:-Кешір мені!

Бала: -Кештім!Кештім! Тастамашы мені!

Шешесі:– Ешқашан! Ешқашан тастамаймын!

Қалған әйелдер көздеріне жас алып жатыр.

Кейбір балалар еңіреп жылай бастады!

Нұрлыбек анасын көзімен іздеп жүр! Көзі жасқа толған!

34-ші көрініс

Асылбек атпен егіске шауып келді. Артында Мадина отыр.

Асылбек Нұрлыбектің қасына шауып келді.

Нұрлыбек: -Көке!

Асылбек:-Кел алдыма отыр! Тез!

Нұрлыбек (жайғасып жатып): Қайда барамыз?

Асылбектің артынан дауыс естілді:– Иә, қайда бармақсың?

Артында тапаншасын ұстап Колхозшы тұр.

35-ші көрініс

3 ай өтті.

Кеш. Киіз-үйдің қасына ұрланып, жауынгердің киімін киген, бір жігіт келе жатыр. Есіктен сығалап тұр.

Үй ішінде Мадина талқан жасап отыр. Қасында Нұрлыбек тонға оранып жатыр.

Нұрлыбек: -Апа, ертегі айтып берші.

Мадина: -Қандай ертегі айтайын?

Нұрлыбек: -Көкем Ер-төстікті айтатын.

–Ерте-ерте ертеде -деп Асылбек есіктен аттап кіреді.

Нұрлыбек пен Мадина (атып тұрады):– КӨКЕ!

Титрлар кетті.

1931-33 жылдары Қазақстанда совет үкіметінің қазақтарды колхоздандыру саясатын жүргізуі салдарынан аштықтан 2 000 000-ға жуық адам қаза тапты. 300 000 мыңға жуық қазақ шетке ауып кетті.

Асылбек 1941 жылы ұлы отан соғысында Сталинград майданына қатысты. 1944 жылы жараланып туған ауылына қайтып келді. Мадина оған 4 ұл тауып берді.

e-mail: zhanat777@gmail.com