Za darmo

Көке

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa

Әділбек киіз үйден басын шығарды…Ол да жылауға жақын, кенеттен көздерінен жас атып шықты. Бірақ дыбыс бермейді, ернін тістеп үн шығармайды. Асылбектің жанына келіп отырды.

Нұрлыбектің дауысы қарлығып ұйқтап кетті. (бозторғай өлеңі кадр сыртында)

5-ші көрініс

Әділбек:-Көке, не істейміз?

Асылбек үнсіз далаға қарап отыр.

Асылбек (1-2 минуттан кейін):-Жүр!

Әділбек:-Нұрлыбек ше? Ол ше?

Асылбек:– Жүр а… (ауыл деуге енді келмейді) аралап шығайық. Не қалды екен? Ол (басын Нұрлыбекке сілтеп) ұйықтап алсын. Шешесін түсінде бір көріп қалсын. Қайда кетеміз дейсің?

Әділбек:-Көке.

Асылбек: -Неге мені көке дей бересің? Мен сенің ағаңмын.

Әділбек:-Жо-оқ, енді СЕН менің КӨКЕМСІҢ.

Асылбек:-Болсам болайын, менің нем кетеді? Қара! Біреулер тұз тастап кетіпті!

Бір қап тұз шашылып жатыр.

Асылбек:-Сүйре үй жаққа!

Өзі жерде жатқан сынық кетпенді көтеріп жан жағынан қарап жатыр.

Нұрлыбек (Асылбектің артынан келіп аяғын құшақтап жатыр):-Көке, мен сені жақсы көремін!

Асылбек:-Мен де сені жақсы көремін. Жылама, Сен еркексің ғой! Үлкен болдың.

Саған садақ жасап беремін. Аңшы боласың!

Нұрлыбек (қуана):-Рас па?!

Әділбек:-Көке! Маған да жасап берші!

Асылбек:-Бәріміз аңшы боламыз, ал әзірше барлық тапқандарыңды есік алдына жинаңдар.

6-шы көрініс

Асылбек ескі құдықтың қасына келді.

Құдықтың көтергіші үзілген. Шелегі жоқ. Жан жағына қарады. Сынық ыдысты әрең қатырып су алып 5-6 рет ұрттады да үй жаққа бұрылды.

7-ші көрініс (20 секунд)

Асылбек:-Асықпаңдар! Аздап! Көп ішпеңдер! Іштерің кеуіп кетеді!

Әділбек пен Нұрлыбек су ішіп жатыр

8-ші көрініс (100 секунд)

Екі сағаттай уақыт өтті. Есік алды байлыққа толы. Ескі шәугім, ағаш қасық, сынық домбыра, қайшының жартысы, ескі сандықтар… 5-6 асық.

Үшеүі де аш.

Асылбек қалтасынан құртты алып, тістеп үшке бөлді.

Екеуіне бір-бірден берді!

Асылбек: -Қалғанын ертең беремін-

(деп қалтасына салды.)

Асылбек көзімен бәрін бір сүзіп өтті де керектісін жинай бастады. Домбыраның ішегі, қайшының бір бөлігі, қайрақ, темір қазық, балтаның сабы.

Асылбек:-Үйге кіріп шоқтарды жағыңдар!

Екеуі де ұмтыла жөнелді.

Асылбек:-Мен біраздан кейін келемін.

Екеуі де тұра қалды.

Көздерімен Асылбекті шығарып салды.

Нұрлыбек (Әділбекке қарап): -Қайтып келе ме?

Әділбек үнсіз Асылбектің соңынан қарап тұр.

9-шы көрініс

Асылбек қақпан құрап отыр. Қалтасында қалған құртты алды. Қарап отыр. Бір жалады да қалтасына қайта салды.

Қақпандарды жан жаққа қойып тастады.

10-шы көрініс

40 тағы еркек Әділбектің аяқ-қолын байлап жатыр.

Әділбек:-Ағатай! Жібер мені! Ағатай!

Еркек: -Шығарма үніңді!-(деп басынан таспен бір қойды!)

Жан жағына қарап қояды. Жақсылап байлап тастап болғаннан кейін көтеріп иығына салады.

Асылбек:-Жалмауыз!

Еркек шошып, бұрылып қарайды. Асылбек ескі кетпенді тура маңдайына түсіреді! Асылбектің бетіне еркектің қаны бұрқ етеді.

Асылбек:-Қанішер!Жалмауыз! –(деген айқаймен 5-6 рет кетпенмен еркектің басын жарады.)

Әділбек (ыңырси бастады. Көзін ашып): -Көке…

Нұрлыбектің (жылаған дауысы естіледі):-Кө-ө-ө-ке-е-е-е!

Нұрлыбек жүгіріп келіп Асылбекті құшақтай кетеді!

Асылбек жерден Әділбекті көтеріп екеуін де құшақтайды.

Асылбек:-Бұл жерден кету керек.

11-ші көрініс

Асылбек, Әділбек және Нұрлыбек үшеуі ескі арбаны сүйреп жол жүріп келе жатыр!

12-ші көрініс

Асылбек ескі кетпенмен жер қазып жатыр.

Асылбек: -Отын жинаңдар! Осы жерге үйе беріңдер!

Балалар отын мен малдың қиын жинап жүр. Асылбек жерүй салып жатыр.

13-ші көрініс

Асылбек ошақтың қасында қақпан қүрастырып отыр. Ескі көрпенің астында Әділбек пен Нұрлыбек бүрісіп тонның астында жатыр.