Czytaj książkę: «Әлсіздік»

Czcionka:

Әлсіздік

1-бөлім

Өскен

Күн көкжиекке енді қылан бере бастады, айнала салқын көк түсті. Таңғы жүгіру – менің бес жылдан бергі дағдым. Бүгін де теңіз жағасымен орташа екпінмен қозғалып келем. Басымда сан түрлі ой, мен өзі соңғы кездері тым көп ойланатынды шығарыппын. Біздің шағын қалашыққа енді ғана жан біте бастады, ақ «ниваларын» гүрілдетіп, шаруалар жұмыстарына күнмен жарыса шығып барады. Балықшы ағайындар тұңық суды кесіп, теңіз көкжиегінде көзден ғайып болуда. Шаңырақта не сен шаруа, немесе кеңсе қызметкері боласың, тұрғыны аз бұл ескі қала құдды елден бөлек бір әлем секілді, өз тынысы, өз тіршілігі бар, адамдары қарапайым, табиғаты сұлу.

Бес шақырымды аяқтап, саябақта отырып дем алдым. Қасыма әдеттегідей Мойнақ жетіп келді. Құйрығы бұландап, тілі саландап, күндегі бір тілім нанын дәметіп отыр. Мен сұр спорт киімімнің қалтасынан бір кесек нанды алып, алдына лақтырып жібердім, «гаф» деп үріп алды да, нанның көзін құртуға кірісті. Итке қарап ойладым: бұлардың өмірі мазмұнсыз… Олар үшін рухани құндылықтар мен арман-мақсаттар жоқ. Өмірінің бар мәні бір кесек нанның айналасында. Ең алдымен жай ғана нан табу, содан кейін молшылық болған жағдайда май жаққан нан, ал одан соң уылдырық жаққан нан…

Кроссовкамды сөреге қойып, ас үйге өттім. Сағат 6:15, қарт әжем қалт-құлттап дастарқан жаюда. Мен 6-ші сыныпта әкем мен анам айырылысып кеткен соң, әжемнің қолында қалдым. Әжем биыл сексенге аяқ басты, қарт болса да ширақ кісі.

– Өскенжан, келе ғой, шайыңды іш, мектепке кешігіп қаласың.

– Әжее, сізге қанша рет айтам, менің таңертең мұншама асты жейтін тәбетім болмайды, бұл тым көп қой, мен соғысқа емес, сабаққа барамын ғой!

– Түге қарай гөр бұны, жүгірмек сен көп оқисың, миың көп қуатты қажет етеді, сондықтан да көбіктей бермей, бәрін тауысып іш!

Әжем үстіңгі екі, астыңғы үш тісінің ұшы көрініп, жылы күлімсіреді де, ысқырып қайнап жатқан шәйнекке ұмтылды. Астан соң салқын душ қабылдап, киініп мектепке бет алдым. Велосипедімнің дөңгелегі жарылған соң, жаяу тартуға тура келді.

Мектепте бәрі әдеттегідей: балалар топ-топқа бөлініп, демалыс күндері өткен-кеткенді талқылап жатты. Мен терезеге қарап отырмын. Менің әжемнің ажары кеткеніндей, айналадан сұлулық кеткен күз мезгілі еді. Жалаңаш ағаштың бұтағына екі қарға келіп қонды, көп құстар жылы жаққа ұшқан-ды, бірақ қарғалар үнемі ең соңғы көшетін. Бағбаншы ағаш тырмасымен сары жапырақтарды топтастырып жүр.

Қоңырау соғылды, әркім де өз орнына жайғасты. Тарихшы апайымыз бөксесін бұлтыңдатып, қара туфлиін тықылдатып кіріп келді. Журнал бойынша 17 оқушыны түгендеп шықты да, қолын семсерше сермеп тақтаға: 22-қыркүйек, 2004 ж.; Ежелгі Греция; – деп жазды.

Екінші үзілісте жаныма Аружан келді. Сәлемдесіп, өткен аптада сұрап алған математика дәптерімді қайтарып берді. Мен жымиып, оқасы жоғын айттым. Сабақтан кейін кітапханаға барып, көп сөренің арасынан оқу жылы басталғанда оқып бастаған «Қылмыс пен жазаны» алып, келген жерімнен қалың кешке дейін оқыдым.

Аружан

Қоңырау шыр ете қалды, сағат 06:30. Қолымды созып, тағы бес минут жата тұрайыншы деп сөндірдім. Бір тұрсам, сағаттың кіші тілі жетіден ауып кеткен екен. Атып тұрдым, жуынып, өзімді ретке келтіріп, сөмкемді алып, аптығып бөлмемнен шықтым, холда есіме түсіп, қайтып кіріп, үстелдің үстінен өткен аптада Өскеннен алған математика дәптерін сөмкеме салып алдым.

Ас үйге өттім, әдеттегідей астан кестен: төңкеріліп жатқан шөлмектер мен рюмкалар, темекінің иісі әлі кетпепті, терезені аштым. Тоңазытқыштың есігін жаппастан, бірнеше қасық сүзбе жеп алдым да, кіреберіске өттім. Тағы да бөгде ер адамның аяқ киімі, шешемнің кезекті лавеласы болар. Әкем қайтқалы анам ішкілікке, кейін жезөкшелікке салынып кетті. Осылай таңды бөтен ер кісімен бір үйде атыртып келе жатқаныма айлар өтті. Бұған тіпті етім үйреніп кеткен-ді…

Уф, қоңырау соғылмай сыныпқа кіріп үлгердім. Бөлме іші әдеттегідей, оқушылар топ-топқа бөлініп, соңғы демалыста не істегендерін айтып жатыр. Өскен де әдетінше терезеге қарап, қалың ойда. Мен үйдегі күйзелістен осында келіп, оған жай ғана көз салып тыныштық табам. Өскенді 7-сыныптан бері ұнатамын, тіпті оған сезімімді де білдіргем. Алайда ол оған жауап қатпады. Ал бүгінде оны балалығым деп санайтын да шығар, кім білсін. Сөмкеме қолымды создым да, кейін тартып алдым. Өскеннің ойын бөлмей-ақ дәптерін кейін берем деп шештім.

Екінші сабақ биология еді, апай баяғы Дарвиннің теориясын айтып жатты. Өз басым адам – сүйіп, мұңайып, жек көре алатын адам ақылсыз макакадан пайда болды дегенге сенбеймін. Мұғалімнің өзіне де ойымды айтқан болатынмын, ол да келісті, бірақ аз ойланып:

Darmowy fragment się skończył.

Ograniczenie wiekowe:
18+
Data wydania na Litres:
12 stycznia 2026
Data napisania:
2026
Objętość:
15 str. 1 ilustracja
Właściciel praw:
Автор
Format pobierania: