Za darmo

Айтыс

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Ақтара айтсам ба екен, тақсам ба екен
Елімнің əділетсіз салтына мін?
 
 
Сан ғасыр сыннан өтіп дəріптеле,
Жан-жаққа жатқандай-ақ дарып келе.
Шыға алмай соның торлы шырмауынан,
Тіл қатпай қалып едім Əріпке де.
 
 
Ол да бір ер-жігіттің төресі еді,
Лебінен сөйлеп берсе жел еседі.
Оның да өр кеудесін баспақ болып,
Келеді тыным бермей ел өсегі.
 
 
Біліммен жүріп тұрған өктемі елге,
Бақытқа соның қолы жетпегенде,
Бұлқынып, бұғау үзіп шықпадым деп,
Шырылдап, шарқ ұрам ба текке мен де?!
 
 
Қаншама алдыма иіп ардақты атын,
Жолдады жылап өлең, зарлап хатын.
Немесе біржолата елден безіп
Болмадым сол бір ғашық жанға-ақ қатын.
 
 
«Көп сыр бар көкіректе тарқамаған,
Тіл байғұс асығыста айта алмаған».
Дегені тағдырға айтқан наласы ма,
Біздерді екі жаққа арқандаған?
 
 
Жеңдіріп келемін көп арды заңға,
Армансыз шөлім менің қанды зарға.
Жаланған Сал алдында қорланбай-ақ,
«Сүйіктім» Жиенқұлды алғызам ба?
 
 
Алғызып көрсетем бе көрмесіне,
Қайтермін бұра тартса ол да есіре?
Кекетіп: «Ақын Сара барыпты, – дер, –
Дəл танып, тура тауып теңдесіне».
 
 
Сара да теңдесіне барыпты дер,
Болмаса бəрін де өзі танып білер.
Демінен жел соқтырған Біржан салдың
Дер шағы туды білем анық күлер.
 
 
Алдырмай қайда барып құтылармын,
Біржола күйреп, күйіп, ұтылармын.
Тағдырдың тəлкегінен қайда қашам,
Сынармын, шағылармын, шытынармын.
 
 
Болмаса осыған да тоқтау етіп,
Тынсам ба сөз аяғын жоқтау етіп.
Жо, болмас,
Біржан Салдың ащы тілі
Ет түгіл, сүйектен де кетті-ау өтіп.
 
 
Несіне енді жасып, жасқанайын,
Менен бе бұйырмаса басқаға айым.
Салдың да жүрегіне дəлдеп атар
Оқтан да өткірірек тас табайын.
 
 
Тəңірден тілемей-ақ жəрдем де мен,
Асаудай ала қашып, алға өрлеген,
Кетсем бе бет қаратпай қарсыласып,
Қуатты кеудемдегі бар демменен.
 
 
Жоқ əлде барлық сөзін жалған ұғып,
Жарқылдап жүйткиін бе Салға күліп.
Жөнсіз бір түтейін бе жүндей өзін,
Болмаса күтейін бе алдан үміт?
 
 
Шерімді жеткізем деп енді кімге,
Қобыздай күңіренемін мен бүгінде.
Тірлікте азап бар ма, түкке түрмай
Кеткеннен өнерің де, ерлігің де.
 
 
Қайтемін?
Көнемін бе, кектенем бе?
Не дермін қорлығы көп өткен елге?
Дүние-ай, мазағыңа душар еткен
Өзіңнен ақыл-есі көп төменге.
 
 
Қайран тіл қайырылдың-ау, күрмелмеген,
Жасыды-ау, көңіл де еркін шыңға өрлеген.
Бір күдік, бір үміттер елеңдетіп,
Қараймын арман алыс күндерге мен.
 
 
Кім білсін жылатар ма, жұбатар ма,
Алаңдап қарай берем мына таңға.
Қосауызды мылтықтай күңіренем,
Оғы болмай қаңсыған бір атарға.
 
 
Бір сөзі бір сөзінен өктемірек,
Сал Біржан өлең сөлін төккен үдеп.
Жаныма əдейі арнап тиді ме екен,
Қайғысы бір басына жетпеді деп.
 
 
Білмеймін, жүрмін қалай тұншықпастан,
Əйтеуір асып та тұр қырсық бастан.
Өтуді жазды ма екен маңдайыма
Арманның биігіне бір шықпастан.
 
 
Əн десе көмекейі бүлкілдеген,
Бұлбұл ем,
Неге бүгін іркілді өлең?
Бетіме жоқты-барды шіркеу етіп,
Не жаздым тəңір атты шіркінге мен?
 
 
Жазығым əйел болып туғаннан ба,
Аяқты жіпсіз тұсап буғаннан ба?
«Тумай-ақ кетсем еді!» – деп те ойлаймын,
Көкірек запыранға уланғанда.
 
 
Жасаған ұрғашы етіп, «қарғағасын»,
Кімдерді пана тұтып зарланасың?
Не дерсің Біржанға да сері-сүрей
Дəл тауып тиіскен соң жан жарасын.
 
 
Сал Біржан – əріптесім, қанаттасым,
Сараның тең жүйрікке санап басын,
Келіп ең əдейі іздеп, амалым не,
Осылай халқым жерге қаратқасын?
 
 
Сұңқарды сілімтікке талатқасын,
Адалды ит пен құсқа жалатқасын.
Не дейін табиғатқа,
Өнер беріп, –
Өзімді төмен етіп жаратқасын.
 
 
«Бұйрықсыз кəсіп етпес зарлағанға,
Тұңғиық сөзім терең барлағанға,
Тақсыр-ау, он сегізге биыл шықтым,
Сен жүйрік ілесе алмас самғағанда.
 
 
Жан едім еркегіңе теңгерілген,
Сөз пірім он жасымда меңгерілген.
Нəп-нəзік, көзге олқы көрінсем де,
Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген».
 
 
Сал аға, тұрмадым ба сертімде мен,
Қай қыздан өзің көрген көркім де кем?
Шегіне қол тимеген қақ төрдегі
Халқымның домбырасы ем шертілмеген.
 
 
Елімнің болсам-ақ деп мақтанары,
Күй едім тартылмастан жатқан əлі.
Құтылып қайда кетіп, қайда барам,
Бұйырып қойғаннан соң жатқа бəрі.
 
 
Жар етпек жүрегімді жалғыз үптер,
Айт енді ағайынға, алғызып көр.
Не соған мені мүлде қосып бер де,
Болмаса арамызды мəңгі үзіп бер.
 
 
Сал Біржан, тағы асып, тасарсың да,
Бетіме салық етіп басарсың да,
Тағдырдың маңдайыма жазбағы сол,
Салған соң Тəңірі басқа қашарсың ба?
 
 
Осылай Сара біраз үнсіз қалды,
Бал жүзі бір қызарып, бір сыздады.
Біреулер сүртіп көзін, Тағы біреу
Ішінен табалайды «құнсыз қарды…»
 
 
Апыр-ай, барып-барып біраз үдеп,
Қалдың ба, кайран Сара, сірə жүдеп.
Қай ақын кай заманда дəуіріне
Көріпті тірлігінде разы боп?!
 
 
Қай ақын барда таза мына жүрек,
Көріпті заманына разы боп.
Парықсыз көп шіріктің несі кетер,
Қаңғып өт, қу далада құлазып өт.
 
 
Көрініп бір үміттер көзіңе алдан,
Əрдайым кетпейтін бе озып арман.
Тарих көп біледі ақындарды, –
Өзі өліп, өлмей-тұғын сөзі қалған.
 
 
Сыйыспай бойыңдағы күш тілекпен,
Іздейсің қолға түспес құсты көктен.
Қарғайсың қайдағы жоқ Құдайыңды,
Сарнатып, сар далада мүшкіл еткен.
 
 
Қалған соң көкірегінің оты еленбей,
Қайтсін ол саяқ шығып жекеленбей,
Жарқырап жай оғындай өтсе екен-ау,
Торығып, тынып іштен кете бермей.
 
 
Теңдік жоқ жететіндей өрті көпке,
Кеңдік жоқ – қанатын бір серпімекке.
Ұға алмай, немесе өзін ұқтыра алмай,
Кетіпті-ау, шіркіндер-ай, көр-түнекте!
 
 
Ұландар өтіпті-ау бір дүрілдеген,
Қырандар көздегенін бір ілмеген.
Жүйріктер айлап шапса алқымы іспес,
Тұяғы тасқа салса сүрінбеген.
 
 
Дауылдың өтінде өткен қырдағы ұдай,
Сыр бермес сырттағыға, шыңдарым-ай!
Кешегі кер заманда нысанаңа
Кетіпті-ау атқан оғың бір дарымай!
 
 
Көз жасын Саралардың көтере алмай,
Қара жер бұлқынып қап… кете барды-ай!
Тастадық бел асырып бір дəуірді,
Тұрғанда қара дауыл етек алмай.
 
 
Сайрайтын күн де туып заржақ ұлға,
Кеткен кек қайтты дейсің сан залымға.
Көр тірлік, көп қайғы-шер қалды солай
17-ші Ұлы жыл аржағында.
 
 
Жоғалып қырда солай ақырғы азап,
Болған шақ өнер қолды, ақыл мазақ,
Əлемнің асқарала мінбесінен,
Сөз алды саңқ-саңқ етіп ақын қазақ.
 
 
Өтті де сусап қырда, кейде шөлдеп,
Жетті ме осылай да бір сөйлесем деп,
Кетті олар кең даласын талмай жырлап,
Көріктей кеуделерден ой нөсерлеп.
 
 
Сұңқардай шыңға самғап бір-ақ өрлер,
Жаңғырған қырда күшін сынады ерлер.
Тойында Октябрьдің оқтай ұшып
Сілтесті «Қызылаттар», «Құлагерлер».
 
 
Даусына «Экспресс» «Күй» үндесіп,
Кетті олар қызыл тілмен қиыр кешіп.
Мына қызу тірліктен бас та айналып,
Арқасы ақындықтың жиында есіп.
 
 
…Ол күнге… қайда бірақ!.. Көп бар əлі!..
Сараның содан да ғой тоқтағаны.
Бай ауыл баптап қосқан жүйірігін
Тағы да көзбен атып жеп барады.
 
 
Оларға өлеңің не, өнерің не,
Көр кеңіл селт етпеген нелер үнге.
«Намысты жіберме деп» – күпініскен,
Сал Біржан Сараны іздеп келерінде.
 
 
Қызынған бəсекеде, ерегесте,
Бақталас Арғын-Найман елі емес пе.
Сараны сасық намыс құралы етпек,
Қалмаса қараң қалсын өлеңі есте.
 
 
Жаныңды өртей ме бір дертің мейлі,
Құлағын бөгде сөзге ел түрмейді.
«Шырағым, Сара, саған не болды?» – деп,
Ағасы Есімбек те елпілдейді.
 
 
Əйелге еңкеймейтін салтты бүктеп,
Қажы да қалбалақтап аптығып кеп:
«Аптыққан Арғынды бір дөңгелет!» – деп
Сараны жалбарына жатты үгіттеп.
 
 
Атаны, абыройды, бақты айтысып,
Ақылын əркім солай жатты айтысып.
Көбінің көңілі шын елжірейді,
Сараны іштей енді жақтай түсіп.
 
 
Қала ма Сара даусын күрт үдетпей,
Салынды соңғы рет бір сілкіп өтпей.
оқтығын өзгелерден бір асырып,
Тілеуін төңірегіне бір тілетпей.
 
 
Қалатын қарсыласы үркіп өтпей,
Кеудеден сөз дариясын күркіретпей.
Апыр-ау, Сара неге үнсіз қалды,
Қабақтан манағы бір бұлты кетпей.
 
 
Біржанның мына соңғы сөзі өтті ме,
Шынымен шықпай ма енді өжет күле?
Тұсап-ақ тіл құрғырды тастады ма,
Өкініш өртеп барып өзекті де.
 
Біржанның екінші монологы
 
Бір сөз үшін аузымнан шыққан ағат,
Аусар ма деп, Саражан, шытпа қабақ.
Мезі етіп біткен мені бірі ұнатпай,
біреулердің қылымси құптағаны-ақ.
 
 
Жамандарды жататын жоқтап ұлып,
Жаралайды жаныңды көп тағылық.
Оза шыққан дүлділге ор қазғанын
Көрген сайын саламын топта бүлік.
 
 
Арыла алмай сол «күнə-кеселден» де,
Ұқсай да алмай, ағайын, не сендерге,
Барлығыңнан бір сəтке жеріп кетіп,
Еріп кете беремін «есерлерге».
 
 
Не күнə бар деймін де, тұрған мұнда,
Көзсіз кіріп кетемін бір даң-дұңға.
Еріккеннен емес-ау, сендерден сол
Зеріккеннен келеді «жынданғың» да.
 
 
Қателеспей, қайғырмай, жаңылыспай,
Жұлқа сүйреп жүрегің алып-ұшпай,
Қыз-қыз қайнар жыр қайда? Қаһарыңнан
Қарсы келген тірліктің бəрі ығыспай!
 
 
Содан шығар… Ат жалын тартып мініп,