Za darmo

Райымбек! Райымбек!

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Іленің жағасында.
Жақсы менен жайсаңның бəрі осында
Қарасақал, ақсақал – алқалы топ,
Алдына алып бір істі қарасуда,
Бірі көнсе, біреуі таласуда.
 
 
Бірі олай тартады, бірі былай,
Бірі өзінше патша, бірі Құдай,
Бір сəтте ұйып, бір сəтте іруін-ай,
Қазекемнің осы бір ырымын-ай.
 
 
Бірі əріден, білгенсіп, мысалдайды,
Бірі езінше түңіліп, құшар қайғы.
Жүз лоқсып, жүректе запыранын,
Бірі іштен тынады, құса алмайды.
 
 
Бидің бағып біреуі қас-ңабағын,
Бүлк етуден бишара жасқанады.
Бірде бəрі жабылып біреуіне,
Жемтік көрген бөрідей бас салады.
 
 
Екі ортаны біреулер аңдасады,
Жең ұшынан жеңгенмен жалғасады.
Бидің ығын қалайша табамыз деп,
Бір-бірімен жыланша арбасады.
 
 
Ұйқылы-ояу би отыр данасынып,
Қақ төріне қауымның дара шығып.
…Би билігін күтуде Райымбек,
Алып ұшып, жүрегі аласұрып.
 
 
Би дауысын бір сəтте кенеді де,
(Жұрт назарын аударсын дегені ме?!)
Қарт жырауға қаһарын атты келіп:
«ЬІлаң, дүбір саласың неге еліме?!
 
 
Атыспай да шабыспай тірлік құрып,
Тыныш жатқан жұртымды дүрліктіріп,
Арандатпай, жайыңа жүрсең еді,
Иман сұрай Алладан, құлдық қылып.
 
 
Тіршілікке тірек қып дін-арманын,
Жақсылығын күтуші ек бір Алланың.
Кедей менен кепшікті айдап салып,
Келдің-дағы сен, бейбақ, ылаңдадың!
 
 
Бас білмейтін байғұсты еліктіріп,
Қолтығына су бүркіп, желіктіріп…
Амал қанша, ұялам сақалыңнан,
Таспа алар ем жоныңнан керіп тұрып!
 
 
Бет алыпсың, халайық, бұрылмасқа,
Қалауыңды қақым жоқ ұғынбасқа.
Бір шартым бар «батырға» қоя-тұғын,
Жамыраспа, беталды шуылдаспа.
 
 
Басын тартпас, «батыр» ғой несі кетсін,
Басын тартса, сөз басқа, есі кетсін.
Toп ішінен таңдаған атын мініп,
Мына жатқан Ілені кесіп өтсін!
 
 
Кесіп өтсін, қайтадан оралсын да,
Дуылдасқан дау-шарды доғарсын да,
Ақ күн тусын алдынан, тарта берсін,
Таңдап-таңдап елінен қол алсын да.
 
 
Шартым – осы! Осыған шыдайсың ба?
Шыдамасаң тынасың, құлайсың да.
Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.
Алдыменен бағыңды сынайсың да.
 
 
Шыдайсың ба? Бағыңды сынайсың ба?..
Оны да біл, құның жоқ суға кетсең,
Күнəлі едің, жаныңды құрбан етсең!
Қайда жүрсең аманат бір Құдайға,
Аман-есен осынау сыннан өтсең.
 
 
– Болса болсын, тəуекел, шыдап бағам,
Болашағым белгісіз сұрақ маған.
Өлсем өлдім, өзіме өз обалым,
Ахиреттен орнымды бір-ақ табам.
 
 
Қайда барсаң, бəрібір, кірерің көр,
Қабылдайды қойнына түнеріп жер.
Қапталына түсіріп күреңімнің,
Қамыс артып, жігіттер, жіберіңдер?
 
 
Жарлы менен жақыбай намысты ойлап,
Артып берді екі тең қамыс байлап.
Тілсіз жауға тірексіз тура тартса,
Жылым жұтып, жігіттің бағы ұшпай ма?
 
 
Райымбек мінді де күреңіне,
Келді өзенге, жетпек боп тілегіне,
Шым-шым қайнап, ширыға шұбатылған,
Тылсым дүлей алдында – Іле міне.
 
 
Оңтайлау жер осы-ау деп өтпек еді,
Осқырынып күреңі беттемеді.
Жағада жұрт, жаны ашып, жамырасып,
– Қайтсаңшы, өлесің ғой текке, –  деді.
 
 
Тұрғанда ашу, намыс, сезім арбап,
Тоқтасын ба, қауымның сөзін аңдап,
Қамшы басып күреңге суға атылды,
Өз есімін айқайлап, өзі ұрандап.
 
 
Кəрі мен жас ұстасып жағаларын,
Жамырайды, білмейді не боларын.
– Кеш, аруақ, – деп, –  тентекті, – жалынады.
Жаудырады иманын, тобаларын.
 
 
Артқан қамыс тірліктің белгісі боп,
Демеу жасап, жылымға бергісі жоң.
Ақ айдыннан екі бас көрінеді,
Адамның да, аттың да өлгісі жоқ.
Күрең жүзіп барады өлгісі жоқ.
 
 
Жұрт назары – осынау ақ айдында,
Екі басқа еміне қарайды да,
Аруақтарды көрінен шақырады,
Талай аят оқылып, талай дұға.
 
 
Күрең менен жігіттің бағын ойлап,
Жалынады жағалау «а, Құдайлап».
Екі басты қақпақыл қағып алып,
Əлдеқайда барады ағын айдап.
 
 
Ағынменен күрең ат жалдап кетті.
– Кетті!
– Өлді! – жағалау зарлап кетті.
Бір кісінеп жануар жіберді де,
Ағын айдап, есен-сау ар жаққа өтті.
 
 
– Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,
Ілесіңдер осыған оты барлар!
Су жол берген батырға мен жол бермей,
Қамауда ұстап қыранды отыра алман.
 
 
Барыңдар, əкеліңдер салға салып,
Сынайын сырттанынды жауға салып.
Қияннан құйылып кеп, қиратсын бір,
Қатарын бөрілердің қанжоса ғып.
 
 
Дауасы жоқ жан екен жаратылған,
Тұлпар екен тұғырдан дара туған.
Қамауда ұстап қыранды отыра алман,
Ұшсын, кетсін жай атып қанатынан.
 
 
Хангелдінің сауытын кигізіңдер,