Za darmo

Райымбек! Райымбек!

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Сағымы ширатыла,
Бара жатыр қырына, бұйратына.
Екі жетім, бұлақтың басындағы
Əулиенің бұрылды зиратына.
 
 
Бастарына іс түскен шақты ойлаған,
Ағашыңа пəнделер ақ байлаған.
Құлан жортса құтылмас құла-дала
Құлазыған, иесіз жатты айнала.
 
 
Керуен жол қасынан кесіп өткен,
Осы жерді əулие бесік еткен.
Мұсылмандар ғибрат етуші еді,
Мұндар-тірлік мұқалтып, ескі кеткен.
 
 
Əулиенің бас иіп мекеніне,
Мұсылмандық парызын өтеді де,
Қабай жырау қайтадан еріп кетті,
Қажап тұрған ойының жетегіне.
 
 
«Жайлауымды жау алып,
Өрісімді өрт алып,
Өзегімді дерт алып,
Келдім саған, əулие!
Боздақтарым жоғалып,
Боз кебінге оранып,
Маңдайымнан cop ағып,
Келіп тұрмын, əулие.
Қыздарымды қатын ғып,
Шаңырағымды отын ғып.
Отауымды топыр ғып,
Отанымды қоқыр ғып,
Ойран етті, əулие!
Қан сасыған даламның,
Қатын менен баламның,
Кегін қайтіп алармын?
Жебеп жібер, əулие?!
Елінің есін кіргізер,
Жерінен малын ергізер,
Жауына зауал төнгізер,
Қырықпышақ хандарды,
Қылығына көнгізер,
Дегеніне сенгізер,
Соңынан жұртын ергізер,
Бар қазақтан – бір қазақ
Тумас па екен, əулие?!
Көкірегім күркілдеп,
Көзімнің асты көлкілдеп,
Ақ сақалым желпілдеп,
Кəрі басым селкілдеп,
Бас ауған жаққа барамын.
Іздесем кімді табамын?
Бағыт сілте, əулие?!
Айтса тілін алдырған.
Алмастан оғын жондырған.
Ата-қазақ баласын Алақанға қондырған.
Бар қазақтан – бір қазақ,
Табар ма екем, əулие?»
 
* * *
 
– Армысың, Ата!
– Бар бол, балам, аман ба?
– Жолыңыз болсын?
– Жолдың несін сұрайсың, мына соқыр заманда.
Қайда барса, Қорқыт көрі қазулы тұр адамға.
Елде жүрген ескі аңызды,
Естіп пе едің, қарағым?
Мына біздің ғаріп жағдай еске соны салады.
 
 
Сыңар қанат екі құс жаралыпты жалғанда,
Бір-біріне жабысып алады екен самғарда.
Құдірет деп екеуі зарлайды екен толассыз,
Бірінің – оң, бірінің – сол қанаты болғанда.
 
 
Құдіреттің құсы деп аталыпты екеуі,
Қайда екені белгісіз жері, суы – мекені.
Сыңар қанат құстардың сайымыз, қарағым,
Тағдырымыз, білмейміз, қайда бастап кетеді…
 
 
Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой,
Қанатымыз қайырылып, топшысынан сынды ғой.
Ата-қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ,
Алауыз боп өзді-өзі Құдай бізді ұрды ғой.
 
 
Қара жаумен іргелес ел едіңдер, қарағым,
Ойран болып сендер де, бұзылды ма қамалың?
Мынау азған заманда, амал нешік, бұл қазақ,
Білуден де қалды ғой бір-бірінің хабарын.
 
 
Суырдайын күн кешіп əркім ойлап өз басын,
Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары озғасын,
Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ,
Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын.
 
 
– Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,
Жауларына біздің ел сəйгүлігін баптады.
Қойын сойып, қолдарын қусырды да, сорлылар,
Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады.
Тартпаған соң олар да əуреленіп жатпады,
Алдындағы аларын, белімізден аттады.
 
 
Батыр емес, қария, қатындар бар бұл елде,
Беруге əзір барлығын билігі асқан біреуге.
Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде,
Əркім қара басының амандығын тілеуде.
 
 
– Жамандама жұртыңды, жамандасаң, болмассың?
– Қатындардың ішінде өзім-дағы оңбаспын.
«Үні шықпас жалғыздың, шаңы шықпас жаяудың»
Мен де қатын болармын, сірə, батыр болмаспын.
 
 
– Нешедесің? Кімнің сен тұқымысың, құлыным?
– Хангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын,
Мал соңына caп қойды, ұстатты да құрығын,
Жылқы жады əкеме жақпай қалып қылығым.
 
 
Жылым барыс, мінеки, асып барам он үштен,
Қатын алып берем деп, əке-шешем келіскен.
Адамынан айттырған ат-тонымды ап қашып,
Қатынды өзім табам деп, əкемменен керіскем.
 
 
– Осыншама ақылды кімнен, балам, үйрендің?
– Ішіңдегі шалдардан, анау қараша үйлердің.
Бірін төре, бірін би етсем деген ойым бар,
Бабам қолдап, бір кезде маған билік тиген күн.
 
 
– Қара жауың қайтадан шапса еліңді не етер ең?
– Қас батырын бауыздап, қанын судай етер ем.
Қатын болып күн кешіп жүргеннен де, қырқысып,
Қылша мойным талша боп, қанжығада кетер ем!
 
 
– Өзің бала болсаң да, сөзің дана отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен
Қалдым сенің ығыңда, мынау екі ғаріпке,
Барар жер мен басар тау, басқа пана жоқ мекен..
 
III
 
– Қарадай жерге қаратып кетті-ау, қағынды,
Уатып кетті-ау, уатып кетті-ау тауымды!
– Қарадай неге түңіле қалдың, байғұс-ау,