Za darmo

Аққулар ұйықтағанда

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Болған жайтты келіні баяндады.
 
 
– Əй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой…
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тəуіптің айтқанының бəрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
 
 
Мін атқа. қайт ауылға тағат қыл да,
…Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
 
 
– Əлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ ата, жасамадым ондайды мен…
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Əйтеуір аққу атқан оңбайды деп…
 
 
– Солай, солай…
Аманат бір Құдайға…
Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға…
…Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.
 
 
Бəрі ұмыт: бақытың да, байлығың да,
Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да.
«Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында…
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
 
 
Əлденеден сұм жүрек сескенеді,
Арагідік əлдене ес береді.
Табиғаттың, таудың да, аққудың да,
Байғұсқа болмай қалды еш керегі.
Келеді ана, сезбейді ештеңені.
 
 
Бай ұмыт, əлсіз жатқан бала да ұмыт,
Қайтқан құстай алыстап барады үміт.
Көліменен қоштасқан аққу үні,
Құлағына келеді аракідік.
 
 
Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел мен жерден біржола аласталған
Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,
Түн-түнекте бейне бір адасқан жан.
 
 
…Абыр-сабыр, үй маңы дүрбелең-ді,
Алғаш ана абыржып, білмеген-ді.
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
 
 
Өң бе, түс пе, əйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай «Жетім көл» жағасында,
Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйіне енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында.
 
 
…Аппақ нұрмен шомылтып айналаны,
Ақ сəулемен айдынның ойнағаны,
Көз алдында…
Құлақтан кетер емес,
Таңда бұлбүл тамылжып сайрағаны,
Көз алдында – аққудың жайрағаны.
Сыңар қанат, сынық құс – жаралы аққу
Өлі аққудан кете алмай айналады.
 
 
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..
«…Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа…
 
 
Жоқ!
Мен емес…
Мен атпадым…
Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!»