Za darmo

Жеңеше-ай

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Өткен күнді, түсірем елді есіме.
Көзі əбден жетсе дағы келмесіне,
Сенеді ол, махаббаттың өлмесіне!
 
 
Домбыра алып, күй шертсе тербетіле,
Қос бұрым омыраудан кең көсіле –
Құлайтын, құшағына жараса қап,
Жан жоқтай оған ешбір теңдесуге.
Көркем бе екен бар жұрттың жеңгесі де?..
 
 
Құйылған саф алтыннан мүсіндейін,
Кіршіксіз жанына ақау түсірмейін.
Тағдыр-ай, кейде тарлық жасайды екен,
Себепкер неліктен түсінбеймін.
 
 
Көтерер тауқыметті жайшылықта,
Түңілмей, төзер адам жоқшылыққа.
Пенде бар жер бетінде, ол қалайша?
Жүрегі жылымайтын жақсылыққа?!.
 
 
Көзіме əлі де жас көрінеді…
Кербез ғой, ақ маралдай керіледі.
Біздің үй аспанында туған айдай,
Шіркін-ай, қандай көркем, керім еді!
 
 
Əзілдеп «қайсынсымақ» ерігеді,
Қызығып та, артынан еріп еді…
Жеңешем ұшпады өз ұясынан,
Төзімді, таңғажайып берік еді.
 
 
Біреулер сөз бастаса оңашалап,
Жанынан қалмайтынмын жанасалап…
Қызғаныш билеп бірде жаным ашып,
Жүруші ем, жұрт сөзінен арашалап…
 
 
Кимедің ел кисе де сəн киімді,
Сый-құрмет, үлесіңе əн бұйырды.
Бала едік, көп нəрсеге мəн бермейтін,
Ұғындым кештеу ғана жан күйіңді…
 
 
Борасын соққан шақтар, үдеп дала,
Өзіңді жүру қайда түзеп қана…
Үйге де, түзге бірдей қарайтынсың,
Жүдеп бала, қарны ашып қалмасын деп.
Қырларға, шың-құздарға жібек жаба,
Жатқанда көктем сайын түлеп дала.
Жеңеше-ай, көп қадалып қараушы едің,
Күңірене күрсініп жүрек жара…
 
 
Мен кейде ғажаптанып қалатын ем,
Шоқтанып қос жанарың жанатың ең…
Алды ма тынышыңды сырлы сезім,
Құстардың бірге жеткен қанатымен?..
 
 
Көп еді арманың да жете алмаған,
Көп еді өткелің де өте алмаған…
Жетіпті шамаң сенің өшіруге,
Түндер-ай, өзегінде от аунаған!..
Өлең боп төгілген де осы-ay, маған…
 
 
Таң атырдық, еске алып талай жылды,
Жанары жеңешемнің қалай мұңды…