Za darmo

Жеңеше-ай

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Бола бермес əркімде өнер мұндай.
 
 
Жеңгемді жетелейтін алға арманы,
Босамайтын істен бір бал бармағы.
Күн ұзақ бие сауып, түнде іс тігіп,
Үзілмей айтушы еді-ау, таңдарға əнін.
 
 
Болмайтын бөгде мінез басқадай тым,
Үлкендер бұны ауыздан тастамайтын.
Тағдыр қатал, жасқайтын, жасытатын,
Тентек деген шалдар да жасқамайтын.
 
 
Сəнді еді, сүйкімді еді мінезімен,
Үлгі-өнеге көруші ем бір өзінен.
Домбыраға қосылып, əн салғанда,
Ащы шер төгілетін жүрегінен.
 
 
Талай таңдар əн тыңдап қалғығанмын,
Көрді ме содан жақсы əнді жаным…
Жал-құйрығын ерте-кеш əнмен тарап,
Жылқыға қосты ағамның арғымағын.
 
 
Осылай ер-тұрманын жинастырды,
Неге оны тағдыр мұңмен сырластырды.
Кейін білдім, тұлдатып қаракерін,
Аттандырып салыпты қимас күнді…
 
 
Жұрт жиналды, ағаның асын беріп,
Қиналдым, қол боп аққан жасын көріп.
Қайран жеңгем, қартайды бір-ақ күнде,
Ғайып болды кешегі асыл көрік.
 
 
Көркіне көз біткенді малындырып,
Көрінді салқын болып, жанып жүріп…
Құдіретті ғой махаббат жеңешемді,
Кешегідей жүр əлі сағындырып…
 
 
Кешегідей жүр əлі сағындырып,
Көзді орайды кейде бір сағым күліп.
Көргенім жоқ дəл мұндай берік жанды,
Өтетін бір өзіне табындырып,
Сағынышын ақылға бағындырып.
 
* * *
 
Кешегі жас келіншек, сылқым ерен,
Жайлауға көшті бірге жылқыменен.
Арындап тау өзені асыр салды,
Жеңешем қабағына сыр түнеген.
 
 
Жаңбыр да жауып өтті сіркіреген,
Қауышты, қайта қонып жұртыменен.
Қайда еді тентек түндер жүршілеген,
Ол қоштасқан, қоштасқан күлкіменен.
 
 
Жұрт жатыр шырт ұйқыда тыныс алып,
Естілді маң төбеттің үні талып.
Қарт енесі күрсінді қайта-қайта,
Бір келіншек, бір қарттың сыры қанық.
 
 
Жүретін көз алдында күліп-ойнап,
Жатыр ма өткен күнін, ұлын ойлап.
Ай сəулесі төгілген, оң жақтағы –
Тұр екен шымылдық та түрі жайнап.