Za darmo

Қаракерей Қабанбай

Tekst
0
Recenzje
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
 
 
Қамалды талай бұзды дара шығып,
Сүйсінді батырлығын Алаш ұғып.
Өлтірді жекпе-жекте Арқауылды,
Келгенде қоймаймын деп аласұрып.
 
 
Қазақтың қасына ертіп бар батырын,
Қарады досқа түзу, жауға қырын.
Дарабоз қолбасылық атақ алып,
Қорғады жауды жеңіп ел өмірін.
 
 
Айқасты Доржыменен Алакөлде,
Шығарды жауды қуып Сарыбелге.
Ханды өлтіріп жеңісті қолына алды,
Қандыжап1 қолға түсіп болды пенде.
 
 
Қазаққа баянды боп осы жеңіс,
Қуанды алақайлап қазақ тегіс.
Сөзімнің артық-кемі жері болса,
Сүлекем2 разымын берсе сөгіс, –
 

деп тоқтағанда төбе би сияз басы Сүлеймен Қабекеңнің жаратылыстық белгілерін, батырлық сипатын əңгімелеп беріпті. Он екі бидің ақсақалы мұрын Бөкенші қария Шерубайдың Омары, Билеушін, Семіз Найман Бексұлтан би, Қоңыр төре, Мамырбек төре қатарлы білікті адамдардың ішінде Бексұлтан би Кəрібайға бата беріп, əрі қарай айтуын қолқалапты. Сонда:

 
Мəмбеттен туған екен Қожақұл ер,
Ерлікпен болған екен халқына бел.
Өскелең өнерімен көзге түсіп,
Тең біткен бір басына қайрат-жігер.
 
1Доржы, Қандыжап – Жұңғарлардың басты атамандары.
2Сүлеке – Сүлеймен сұлтан. Қабанбайдың төртінші ұрпағы.