Za darmo

Жетісу суреттері

Tekst
Oznacz jako przeczytane
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa
 
Албандар өтеді азар деп «ақсарбас».
Көпірген Көксу көл бар басы бастау
Дегенге көшпелі әйнек суы ұйқастау,
Тау жуып, тасты қуған содыр суы,
Аңқылдайд арнасында меруерт астау.
Жалбасы, Шаған, Бұғы мүлгиді оған,
Шалдуар шалдай қалғып шала мастау.
Жар жарып, жерді жиған Көксу көл бар,
Бейне бір Жалайырға шабатын жау.
Арқырап айқай салған Көксу алып,
Жазыққа шыға келсе үркіп ағып.
Егінші, ылғи диқан Жалайырлар
Үлесед үй басына тоған алып.
Сол елдің қыдырынды қыдыры сол,
Cap бала, қара қазан болып қарық.
Мөлтеңдеп мойнақты орай Қаратал да,
Көксуға қойындасад жарды жанып.
Қосылып екі ерке су, екі сұлу,
Балқаштап қалың құмға кетед лағып.
 

Жетісу жәндігі

 
Баяғы баяғының заманынан,
Асқарда шың мекендеп, жайлаған аң,
Тағылар тарғыл тасқа баурын төсеп,
Бар тышқан қоныс алған балағынан.
Жасанған театрдағы ойыншыдай,
Құздардың көрінеді аң алаңынан.
Қиынның жынысыңда бар деседі,
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кәдімгі қасқыр серек, қарақұлақ,
Шуылдайд шүйебөрі үй артынан.
Кәдімгі қарсақ, сусар, бұлғын, жанат,
Сол таудың іздейді аңды ту сыртынан.
Таутеке, арқар, құлжа, қарақұйрық ,
Көруге болад бәрін жайылымнан.
Маралды мал ішінен атпен қуып,
Әкеп жүр ауылына айдап Албан.
Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай,
Бұлақта отырғанын көрем ұдай,
Жарғақ бас жұртшы, саржақ су бүркітер,
Құмайдың қоғамында құдасындай.
Лашын, тұйғын, тұнжыр, тыңар, мықи,
Ителгі, бәрпі, қырғи, құр, тұрымтай.
Барайық шыңда ғана болад десед,
Бүркітпен барымталы ел ала жаздай.
Тығанақ, үкі, ақсары, құладындар
Сықылды толып жатыр мөжеп-томпай.
Албандар атын атап түстейтұғын,
Мінеки Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқбас, сипті, шымшық ,
Шапшақай, майлық, маубас бұқа, шөже.
Тоқылдақ, сұрқұрқылтай, бұлбұл, шымшық
Шымшықтың сан-сапалақ атаулысы —
Айтарға сай-салада жүр лықсып,
Тас жырып, балақ біткен шыңға шықсан„
Күй тартар той қылғандай торғай сыңсып.
Көркемі көбелектің сол сайларда,
Гүл шолып, жүрер ойнап ұшып сып-сып.
Үстіңнен аю тасты сылдырлатса,
Самайдан ішкен қымыз шығар шып-шып.