Легенда о Теле

Tekst
0
Recenzje
Przeczytaj fragment
Oznacz jako przeczytane
Jak czytać książkę po zakupie
Nie masz czasu na czytanie?
Posłuchaj fragmentu
Легенда о Теле
Легенда о Теле
− 20%
Otrzymaj 20% rabat na e-booki i audiobooki
Kup zestaw za 0,02 
Легенда о Теле
Легенда о Теле
Audiobook
Czyta Авточтец ЛитРес
0,01 
Szczegóły
Czcionka:Mniejsze АаWiększe Aa

Бақуатты жанұяда өсіп, одан кейін жауапты жұмыстағы қызметкер ретінде, отбасына көмекші берілетін болса да, әжеміз еңбекқор адам еді, ешқашан бос отырмайтын. Ал, отыз екі жасында осындай тұғырыққа түскен кезде, төрт қызына өзінен басқа қамқоршы жоқ екенін мойындап, бар күш жігерін балаларын аман алып қалуына жұмсады. Кейде ауылдың адамдары жасырын түрде есік алдына кішкене азық, киім қалдырып кететін. Бірнеше рет, қыс түндерінде терезесін жайлап сықырлатып, атын атап, есігін шам жақтырмай ашқызып, қараңғы қыс түнде әжемізді қыздарымен өз үйіне ертіп, ол жақта да шамсыз бәрі бірге бұйырған тамағын жеп, қайтадан сол ізімен әкеліп салатын. Елде елмен араласа алмай отыру әбден әжеміздің жүйкесін тоздырды. Көктемде туыс қария келіп, әжеме бұл жерден ешкім танымайтын жерге көшуіне кеңес береді. Осыдан кейін Айғаныс қыздарымен Новотроицк жаққа барады, Ләйлә да мұғалім болып осы жерде мектепте жұмыс істейді. Кейін зоовет институтын бітіріп қайны Жаманмұрынов Жұмабай жас маман болып, соғыс басталмағанша, осы жерлерде жұмысын табады. Әжеміз басқа істерге шебер болса да, күрекпен жұмыс істеуді, қызылша егіп-өсіруді тек Новотроицкке көшкеннен кейін меңгеріп алыпты. Алғашында қиналып, қолдары қанап, ойылып кететін, уақыт өте бұл жұмыстың алдыңғы қатарына да шықты. Қызылша, темекі егістерінде жұмыс істеп, бригадир атанып, қыздарын оқытты. Телден хабар күтіп жүрді. Жанында жұмыс жасаған поляк әйелдерінің күйеулері, бірінде отанында атылған болса, бірінде Совет лагерлерде отырған. Түрлі тағдыр, бірақ бәріне ортақ бір қиын заман.

Бибі экстернмен оқуын бітіріп, он бес жасында мектепте математикадан сабақ берді. Тел туралы жазба сұрақтарға жауап жоқ, ағалары Осман мен Оспан да тұтқындалған. Әжем хатын Молотовқа жазады. Телдің хабарын білейін десе, жауап жоқ, оның өзінің басында да ұқсас жағдай – әйелін П.Жемчужинаны «зияндық шпиондық әрекеттері» деген күдікпен тексерісте жүр, оны соғыстан кейін тұтқындады. Әжеміз, Телдің ұлды армандағанын білетін, содан болар, балалар үйінен Шах (лақап атты өзі басқарған бандасындағы балалар берген) есімді жетім баланы асырап алады. Жанұяға келген бала жан жылулықты сезініп өзгереді. Өзінің сол жанұяға керек екенін түсініп, асырап алған шешесіне қолқанат болады. Оқуын түзеп, кейін мұғалім, одан ары мектеп директоры қызметіне дейін өсіп, өз отбасылы болып кетеді.

Соғыс басталғаннан кейін бәрі екінші қатарға ысырылды. Өз еркімен, санитарлық пойызының медбикесі болып фронтқа Ләйлә кетті. Екінші қызы Бибі, әкесінің оқуға деген сүйіспеншілігін біліп, өзінің де оқуға құштарлығы мен талабы бар болған соң, жоғары білім алу үшін Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институтына түседі. Әуелі экономика факультетінде оқиды, бір жылдан соң институтта «гидромелиорация» факультеті ашылады, ол техникалық мамандық болған соң, оған басқа факульттерден үздік студенттерді іріктеп алады, ойламаған жерде, өмірдің өзі Бибіні әкесінің мамандық жолына әкеледі.

Сталин стипендиясымен үздік оқыған Бибі 1943 жылы шешесімен сіңлілерін Алматыға көшіріп әкеліп, сол стипендияға отбасымен күнін көріпті. Ол кезде институтта Москва, Ленинградтан эвакуациямен келген атақты ғалым-гидротехниктар сабақ береді, оқумен қатар Бибі ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысқан. Соғыстың аяқ жағына қарай, оны да, автомобилді әскерінің кіші лейтенанты ретінде, соғысқа шақырады. Әжеміз тағы Молотовтың атына хат жіберіп, қыздарын әскерден қайтаруын сұрайды. Соғыстың бітуіне аз қалғаннан болар, қыздарын үйге қайтарады, әжеміздің қуанышында шек жоқ. Бейбітшілік өмір келді. Қыздары, асырап алған баласы, бәрі жоғары білімді маман иелері болды. Үлкен қызы мен ұлы – мұғалімдер; екінші қызы – гидротехник, техника ғылымының кандидаты; үшінші қызы, Гүлнәр – Ленинградтың несие-қаржы институтын бітірген педагог; кішісі, Гүлзада – инженер механик, Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Қыздары тұрмысқа шығып, дүниеге немерелері келді. Бірақ, Телден хабар жоқ, тірі болар деген үміті сөнген емес. Соғыс кезіндегі 1943-ші жылдары, үйге бір кісі келіп, Қарағандыдағы лагерде Телмен бірге отырғанын сендіре айтып, үйдегі адамдардың күй-жайын сұрастырып, олардың әрқайсының көңіл-күйлеріне аса мән беріп, өмірдегі болған жайы туралы ойларын біліп кеткен еді. Кейіннен ол кісінің НКВД-нің агенті екенін түсінген. Соған қарағанда, Жаманмұрыновтардың жанұясы тексерістен өтті. Себебі, оларды айтарлықтай мазаламайды, бірақ жасырын түрдегі бақылау жалғасуда. Өкілетті органдарға жіберген сұранысқа, 1944 жылы Тел Карлагта аурудан қайтыс болды деген жауап келеді. Бірақ, бұған сену қиын. Қауым ішінде бұл тақырып жабық және бұл сұрақпен көмек пен кеңес сұрайтындай ешкім жоқ. 1958 ж. реабилитация жүріп, атамыз ақталды, оның айлық есебінен компенсация төленді. Әжем ол ақшаға төрт қызына төрт табағы бар самауырын, әрқайсына көйлектен, үш күйеу балаларына ақ костюмнан (кіші қызы әлі тұрмыста емес еді). Атылғаны туралы айтылмады, әжем атамыздың келетінін күтетін. Кезекті көрпе көктеп отырып жанында жүрген бізге (немерелеріне): «…қазір аталарын кіріп келсе. Бес..,он…, он бес…, жиырма жылға сотталғанда, ендігі үйде болар еді. Жиырма бес жылға айдалған ғой, келіп қалар. Осы уақытқа дейін үйленген де шығар, балалары да бар, ұлы да бар болуы мүмкін. Бәрі келсін» деп айтып отыратын.

1960 ж. шамасында, Телдің екінші қызы Бибі, Мәскеуде аспирантурада оқып жүріп, СССР Жоғарғы Сотына сұраныс жолдап, қолына: «1958 ж. 25 наурызда СССР Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясы Жаманмұрынов Телге қатысты ісі қайтадан қаралды. 1938 ж. 25 ақпанда шығарылған Әскери коллегиясының үкімі, жаңадан ашылған себептермен жойылды және қылмыстық әрекеттері болмағандықтан іс жабылды. Жаманмұрынов Тел қайтыс болғаннан кейін ақталды» деген жауап алды.

Бәрі өтті… Туыстармен қарым қатынастар қалпына келді. Әжеме бұрыңғы атамның жолдастары, әріптестері келе бастады, олардың арасында белгілі бір халық жазушысы да болған, бірақ әжеміз оны есіктен кіргізген жоқ. Біз сол замандағы адамарды айыптаумызға хақымыз жоқ. Шиеленіскен заманда, мемлекет репрессия машинасы елді аяусыз езіп жіберген еді. Жаппай жала жабылып, кімнің кім екенін, өтіріктен шыңдықты ажырату, адамгершілікті сақтап қалу – өте қиын, сыну оңай болатын. Біздің отбасымызда репрессия туралы тақырып сирек қозғалатын. Әлі күнге дейін таң қалатыным, әжем, әке-шешем, ешкімге ренжімей, ешкімге кек сақтамай, тағдырларына налымай, адамгершілігін, мейірімділігін сақтап қалған жандар еді. Олар өмірді, отанды, адамдарды сүйетін, өз күшіне сеніп, еңбектің арқасында мақсатына жететініне ешқашан күмән келтірмейтін оптимистер еді. Қолында кішкентай балаларымен жалғыз қалса да, әжемнің «Совет үкіметі бар да, өлмейміз» деген сөздері анамның есінде қалған. Соғысты еске алған әкеміз, шайқасқа «Отанымыз үшін, Сталин үшін» деген ұранмен шыққандарын айтатын. Олардың ғана өмірі емес, тағы мыңдаған адамдардың тағдырын қиратқан ортақ апат деген түсінік, ел бірлігіне күмән келтірген емес, өз өмірлерін құрметпен өтуіне көмектесті. Телдің қызы Бибі әкесінің еңбек жолын қайталап, отбасымен жұмыс бабымен Алматыдан Гурьевке, Қарақалпақстан, Шымбай, Сарыағаш, Шымкент, Мәскеу, қайтадан Алматы, Тараз қалаларында болды. Барлық жерде ғылыми-зерттеу, дәріс беру жұмыстармен айналысты. Ол бүкілодақтық гидротехник- ғылым тобы қатарында Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияға әкелу жұмыстарына, Алматыдағы селге қарсы дамбы құрылыстарына белсене қатысты. Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтында дәріс беріп, қол астынан талай инженер-мелиораторлар шыққан.

«Знак Почета» орденімен марапатталған. Өмірдің бір қызықты қиылысы, анамның диссертация жазып қорғағанда, оның ғылыми жетекшісі ҚазССР Академиясының корреспондентмүшесі, т.ғ.д. Жолаев Рахмет Жанғазы ұлы болған еді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында ол кісі, жас жігіт, Ақтөбе облысында дамбылар құрылысында жұмысшы болып Жаманмұрынов Телдің қарамағында істеп, сол жерден оқуға Ташкент ирригациялық институтына жіберілген топқа кірген еді.

Телдің төрт қызы әкелерінің рухын қадірлеп, атына кір келтірмей, еңбегін жалғастыра білді. Мемлекеттің құрметті мұғалім, құрметті қаржыгер, ал ең қымбаттысы – жақсы адам, адал жар, керемет ана бола білді.

1984 жылы әжеміз, арада шамамен елу жыл өткен соң немелерін (мен және Ерлан бөлемді) ертіп, туған жері Ырғызға баруына бел буады. Шексіз дархан дала, құм, жолшыбай көрінген үлкен жылдамдықпен ақбөкендердің табыны біздің көлікпен жарыса жүгіргендей. Ауылға жеткенде, көліктен түсе салып әжеміз жерге жатып, көз жасын тыя алмай, үш рет аунап, одан кейін бет орамалына бір уыс қасиетті жердің топырағынан түйіп алды. Бұл жер, Тел екеуінің отбасын құрып, балалы болып, қуанышты да трагедияға толы күндердің куәсі болған, ардақты сағынышпен аңсап жеткен Ырғызы еді. Одан кейін болған жайды, мен, космонавт Ю.Гагаринді қарсы алғанымен салыстырамын. Біздің келгенімізді бүкіл ауыл естіп, жиналған адамдардың санына жету мүмкін емес еді. Әрқайсысы әжеміздің қолынан ұстап қалуына тырысты. Телді өз көзімен көрген кариялар да тірі еді. Қуанышпен қайғының аралас көз жастары орын алды, мүмкін кезінде жерлесінің трагедияға толы тағдырына араша түсе алмағанына өздерін кінәлағанда шығар. Әрқайсысы үйіне шақырғысы келіп, тіпті кезекке де тұрды. Бір күнде 4-5 отбасынан артық үйге бара алмайтынбыз, әр үйде мал сойылып, мол дастархан жайылған еді. Дастархан басында ұзақ әңгімелер айтылатын. Сол ауылдың жастары да өзінің атақты жерлестерін: Ұ.Құлымбетов, Т.Жүргенов, Т.Жаманмұрынов, Т.Шонанов, Б.Алмановтар туралы білгендігі таң қалдырып, қуантты. Олар атаәкелерінің естеліктерінен бөгеттер құрылыстары, онысы егіншілікке мүмкіндік беріп, соның арқасында ел аштықтан аман шыққанын біліп өскен. Сапарымыздың бесінші күнінде, бармаған үйлердің иелеріне «тағыда келеміз» деген уәдемізбен, үйімізге қайттық. Қызық болған бір жай: үйге барарда әйеліме қоңырау соғып, етсіз борщ пісіріп қоюға тапсырыс бердім. Күнделікті қонақ күтушілерді ренжітіп алмайық деп көп мөлшердегі желінген дәмді ет, құнарлы ас, асқазанға ауырлығын тигізбей қоймады.

Ырғызға келесі сапарым 2013 жылы атамыздың 125 жасына толғанына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуым болды. Ол кезде қыздарының бірі – Гүлнәр бар еді. Сол кісінің басқаруымен бір топ «Телдің немерелері» болып бардық. Әкімшілік екі күндік іс-шаралар ұйымдастарды. Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларынан келген ғалым-тарихшылардың қатысуымен ғылыми-теоретикалық конференция өтті, онда Тел өмірінде, оның әлеуметтік қызметтерінде орын алған, бізге белгісіз мәліметтер ашылды.

 

Тел Жаманмұрынов атындағы көшеде ескерткіш тақтай орнатылып, Аманкөл ауылындағы Жаманмұрынов атындағы мектепте бюст қойылды. Футболдан, күрестен жарыстар, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, бәйге, айтыс және мерекелік концерт өтті. Аудандық мұражайда, кітапханада Телге арналған бұрыштар ашылды. Оның атындағы мектепте Жаманмұрынов туралы кітап, журнал- газет басылымдары, басқа да мұралар бар мұражай ашылды. Мерекелік шаралар ұмытылмаған жерлесіне деген құрметі мен алғысына тола еді. Ырғыздықтардың өз өлкесін мақтан тұтып, оның тарихын оқып білуіне ұмтылатыны анық көрінді. Ырғыз, оның бүгінгі – кешегі адамдары туралы, оның ішінде атамыз Тел туралы, білгеніміз көп болды. Конференцияда «Алаш» қозғалысының тарихы әлі толық зерттеліп жазылмағаны, әлі де ол туралы ғылыми ізденістер қажет ететінін және 2017 жылы Қозғалыстың жүз жылдығына қарсы Мемлекеттік Думаның, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қауіпсіздік органдардың мұрағаттарындағы мәліметтер, соның ішінде Жаманмұрыновка қатысты, зерттелуі тиіс деген ойлар айтылған болатын.

ІІІ. Эпилог

Жақында Ақтөбе каласының облыстық маслихатынан қоңырау түсті. 2018 жылдың ақпан айында Жаманмұрынов Телдің туылғанына 130 жыл, ал атылғанына 80 жыл болыпты. Қатар келген қуанышты және қаралы даталар. Осыған орай, облыстық дәрежеде іс-шаралар өткізу көзделіпті. Қалалық депутаттардың Ақтөбе қаласындағы бір көшесін Жаманмұрынов Тел Бұқпанұлының атымен атау ұсынысын, Облыстық басқарушылары қолдапты. Қыздарының бәрі өмірден озды. Біз, немере-шөберелері жиналып, шетте қалмай баруымыз керек. Кішкене болса да, қазақ елінің мақтануға тұрардай ұлы, біздің сүйікті аналарымыздың әкесі – Жаманмұрынов Тел туралы аз ғана естелігімізді де ала баратынымызды жөн көрдім.

Шежіре

Суретте: солдан оңға қарай, Телдің әйелі – Айғаныс; жеңгесі – Сақып (Сарыбатыров Омардың әйелі)

Телдің әйелі

-

Суретте: солдан оңға қарай, Телдің әйелі – Айғаныс; жеңгесі – Сақып (Сарыбатыров Омардың әйелі)

Суретте: солдан оңға қарай бірінші қатарда: Теберіков Қосбармақ – Телдің күйеу баласы;

әйелі – Айғаныс, қолында жиен немересі – Ғазиза; Телдің қызы – Күлзада; екінші қатарда: қыздары – Бибі, Гүлнәр.

Ғазиза; Телдің қызы – Күлзада;

екінші қатарда: қыздары – Бибі,

Гүлнәр

Суретте: Жаманмүрынов Тел, әйелі – Айғаныспен

Суретте: солдан оңға қарай бірінші қатарда: Телдің қайын ағасы Омардың баласы – Талап; Телдің қызы – Бибі; екінші қатарда: Телдің қызы – Ләйлә; Сейдахмет Омарұлы; Күлжан Омарқызы

Жаманмурынов Т. жерленген жері. Алматы облысы, Жаңалық ауылы

Суретте: Сарыбатыров Бөлебай

Солдан оңға қарай: Жаманмурынова Бибі Телқызының балалары – Сәуле, Əбдіраш, Нәйлә; екінші қатарда: қайын інісі; жолдасы – Теберіков Қосбармақ және Бибі Телқызы

Суретте: Телдің қайын ағасы – Сарыбатыр Омар жанұясымен. Солдан оңға қарай: Омар, алдында баласы – Талап; қызы – Күлжан; әйелі – Сақып; екінші қатарда: інісі -Сыздық, баласы – СейдахметҒазиза; Телдің қызы – Күлзада; екінші қатарда: қыздары – Бибі, Гүлнәр

Создатель обделил меня даром к сочинительству, тягой к письменному изложению своих мыслей. Никаких дневников я никогда не вел, не оставлял заметок на будущее. Каждому свое. Но вкус и тягу к образной речи, меткому слову ощущал всегда. По прошествии изрядного жизненного пути, общение с людьми, среди которых встречались и благодарные слушатели, и советчики, желание оставить письменное изложение некоторых воспоминаний, не отданная дань уважения к памяти родителей, дедушек и бабушек, заставили меня взяться за перо. Да так и сподручнее нашему поколению, выросшему без компьютеров, но читавшему взапой все, что попадалось. Да, именно за ручку, так как сразу напечатанное на мониторе слово кажется мне непродуманным, теряющим свою живость. Взял на себя обязательство писать минимум по одной странице в день.

Итак, приступим. Поздние дни марта 1981 года. Я, молодой старший инженер, выпускник Ташкентского

электротехнического института связи, пришел домой в приподнятом настроении и в некотором смятении. За плечами три с половиной года на производстве, бессонные ночные смены, рождение двух дочерей. Но в кармане повестка о призыве на действительную военную службу в Комитет государственной безопасности СССР, с предписанием о немедленной явке в территориальный орган и выдаче мне двухнедельного пособия по месту прежней работы. Позже я узнал, что уважаемый в области начальник управления связи, где я трудился, имел из-за меня нелицеприятный разговор с не менее уважаемым генералом областного управления КГБ. В планы кадрового аппарата и руководства управления связи не входило лишаться технического специалиста, тем более коренной национальности, состоящего в резерве выдвижения на вышестоящую должность в образованную незадолго до этого Тургайскую область. С первых дней трудоустройства по направлению института я, как молодой специалист, попал в поле зрения областного управления КГБ. В конце семидесятых годов двадцатого столетия, в разгар холодной войны, в преддверии XX Олимпийских Игр в Москве, был увеличен бюджет и расширены штаты ЦРУ США – страны

«главного противника», в духе терминологии тех времен. Председателем КГБ СССР, Ю.В. Андроповым, членом Политбюро ЦК КПСС, были предприняты адекватные меры. В органы, после соответствующей проверки, в массовом порядке стали зачислять молодых специалистов из народного хозяйства: инженеров, агрономов, зоотехников, учителей, журналистов, комсомольских работников. Как говорил в те годы Председатель КГБ КазССР генерал-лейтенант В.Т. Шевченко: «Кадры от сохи и лопаты». У нас в роду кадровых военных не было – ни по отцовской, ни по материнской линии. За исключением самого отца, приписавшего себе два года и ушедшего на фронт в семнадцать лет, в 1941 году, и двух дядей матери, пропавших без вести в начале войны где-то на западной границе страны. В отцовском комсомольском билете, чернила, которыми была исправлена в дате рождения цифра «4» на «2», со временем выцвели, и проявился неуклюжий юношеский подлог.

Родители восприняли новость об изменениях в моей трудовой деятельности сдержанно, без особых эмоций. Объяснения подобной реакции стали мне понятны со временем. Нағашы әжем, Сарыбатырова Айғаныс Болебаевна, бабушка по линии матери долго не могла понять где будет служить ее внук. Аббревиатура «КГБ СССР» была ей незнакома. И когда я не совсем уместно, по незнанию, назвал комитет правопреемником НКВД, она надолго замолчала. Будучи очень острой на язычок, выражавшейся всегда образно, красочно, выдала не совсем приличный анекдот, еще из сталинских времен. «…сотрудники НКВД весь день в своих кабинетах, за семью замками пишут нескончаемые бумаги, а вечером сжигают их и начинают портить воздух, так как не могут иначе вслух высказать все то, что у них накопилось и лежит грузом на душе». Не скрою, реакция любимой бабушки меня немного обидела. Выросший на романтике произведений о разведчиках и контрразведчиках, я попытался с ней поспорить. Сошлись на том, что я сам вправе выбрать свой жизненный путь.

Как технический специалист, будучи с аудио и видеотехническими средствами на «ты», я сожалею, что в те годы, в конце семидесятых, не было в обиходе портативных мобильных средств звукозаписи, а человеческая память, увы, избирательна. Не все рассуждения бабушки о жизни, реакцию на обширный динамичный отрезок истории страны, включившей в себя и две революции, и две мировые войны, личные знакомства со знаковыми личностями той эпохи, а главное, воспоминания о совместной жизни с дедушкой, Жаманмуруновым Телем Букпановичем, я сумел осмыслить и запомнить. Но позволю себе поделиться с вами теми воспоминаниями, которые прочно осели в подкорке и требуют своего выхода в широкую аудиторию.

І. ДЕД

Мое первое впечатление от автобиографии деда, на сохранившихся пожелтевших листах бумаги, написанной им собственноручно карандашом, размашистым крупным каллиграфическим почерком, это по меньшей мере культурный шок. Этот бесценный для нас документ из небольшого архива, пережившего все перипетии более восьми десятка непростых лет жизни нашей семьи, бережно сохраненного от посторонних глаз бабушкой, и явится основой моего повествования. Пропагандируемое сейчас трехъязычие являлось основой образования казахской интеллигенции конца девятнадцатого – начала двадцатого веков, помимо сугубо профессиональных знаний, великолепно владевшей родным, русским и иностранными языками. Автобиография, написанная на русском языке, без единой орфографической и стилистической ошибки, читается увлекательно как художественное произведение, рисуя образ живого человека – деятельного, целеустремленного, многопланового, вовлеченного в эпохальные катаклизмы становления современной казахской государственности. Современники отмечали его незаурядное чувство юмора, любовь к дружеским розыгрышам, граничащим с тонкой иронией и самоиронией. Близко знавший Теля земляк и коллега, Муханбетов Сахан, отмечал, что это был светлый, открытый, широкой души человек. Разговаривая негромко, он с первой минуты располагал и притягивал к себе собеседников как приятный рассказчик. В автобиографии, написанной образно неказенным живым языком, Тель повествует, что родился 25 февраля 1888 года в ауле № 4 Иргизского уезда Аманкольской волости Тургайской области (ныне Актюбинская область) в семье бедняка-скотовода. Два года отроду, оставшись без отца, он был взят на воспитание дедом Даулетимбетом, имевшим среди аульчан прозвище Жаманмурын (некрасивый нос). Несмотря на тяжелое материальное положение, Жаманмурын отдал шестилетнего внука в Аманкольскую сельскую школу, а затем в Иргизское русско-киргизское двухклассное училище. Не без иронии Тель пишет, что это было сделано для отвлечения его внимания от праздных уличных мальчишеских забав и игры на домбре и балалайке. Имея тягу к знаниям, мальчик охотно и много занимался. Сельская школа в Иргизе – старейшее учебное заведение второй половины XIX века, открытая казахским просветителем Ы. Алтынсариным в 1864 году. Его родственником, сподвижником, впоследствии директором школы, инспектором отдела образования была не менее яркая личность – Сарыбатыров Болебай, будущий тесть Теля. Помимо духовного образования детей обучали и русской грамоте, и арифметике. Это училище окончили многие будущие яркие представители казахской интеллигенции, видные государственные деятели – У. Кулумбетов, Т. Жургенов, Т. Шонанов, Б. Алманов, К. Сейдалин, братья Тунгашины, Т.

Баймурзин и многие другие. В энциклопедии «Иргиз», изданной в 2010 году, с любовью к родному краю описывается, что через иргизские степи проходил путь мифического Асан-кайгы на верблюде Желмая в поисках счастья. Завел в зыбучие пески на гибель войска персидского шаха Дария I и принял героическую смерть юноша-сак Ширак. На реке Иргиз проходили битвы хорезмского шаха Мухаммеда, старшего сына Чингисхана – Джучи. Проходили войска хана Золотой Орды Тохтамыса, хромого Тимура. Решал человеческие судьбы би младшего жуза – Айтеке. Здесь присягнул на верность российской императрице Анне Иоановне, 10 октября 1731 года, хан младшего жуза Абылхаир. В 1845 году был образован форпост Жармола (Иргиз) на пути из Оренбурга в Хиву. Ф. Энгельс в своей статье «Продвижение России в Среднюю Азию» от 1858 года описывает процесс колонизации и упоминает Иргиз. Т.Г. Шевченко, недолго проживавший в этих местах, в период следования в ссылку в Мангистау оставил заметки в дневнике с описанием и картины с видом городка. Есть сведения, что дед Абая – Иргизбай, родился во время кочевья в этих местах.

В летние каникулы Тель пас скот богатых аульчан, мать занималась поденной работой. Материальную помощь семье оказывал младший брат отца Баймагамбет, который сам батрачил, чтобы прокормить многочисленную родню. Местный мулла обучил аульского мальчишку арабской грамоте. Имея тягу к образованию, Тель вынашивает мечту поступить в Оренбургскую учительскую школу. В 1904 году, поддержав стремление юного внука, дед обменял двух оставшихся быков на лошадь с арбой и отправил его на учебу в город. Незаметно пролетели четыре года учебы. Являясь отличником и проявив склонность к математике и естествознанию, он перевелся на третий курс Оренбургского реального училища. Революционные брожения в обществе, после событий 1905 года, коснулись и его. Как он сам описывает «…в 1908 году неизвестный человек, прибывший из центра российской империи, организовал среди учеников оренбургских учебных заведений тайную революционную ячейку, т.н. кружок «самопознания». Встречались на конспиративной квартире…» Здесь он впервые приобщился к революционной работе, ознакомился с историей мирового рабочего движения, классовой борьбы. На тайных заседаниях кружка студентов, гимназистов и учеников призывали оказывать сопротивление администрации учебных заведений, приобщать к борьбе новых единомышленников. После окончания с отличием в 1912 году училища, неиссякаемая тяга к знаниям привела его в стены Санкт-Петербургского государственного технического (политехнического) института. Здесь произошло его первое знакомство с земляком-казахом