Czytaj książkę: «Соғыс өнері»

Аударған: Ақжан Аманжол
Редакциялаған және корректурасын жасаған: «Қазақстан аударма академиясы»
Все права защищены. Данная электронная книга предназначена исключительно для частного использования в личных (некоммерческих) целях. Электронная книга, ее части, фрагменты и элементы, включая текст, изображения и иное, не подлежат копированию и любому другому использованию без разрешения правообладателя. В частности, запрещено такое использование, в результате которого электронная книга, ее часть, фрагмент или элемент станут доступными ограниченному или неопределенному кругу лиц, в том числе посредством сети интернет, независимо от того, будет предоставляться доступ за плату или безвозмездно.
Копирование, воспроизведение и иное использование электронной книги, ее частей, фрагментов и элементов, выходящее за пределы частного использования в личных (некоммерческих) целях, без согласия правообладателя является незаконным и влечет уголовную, административную и гражданскую ответственность.
© Басылым қазақ тілінде, аударма, безендіру. Zerde Publishing, 2024
* * *

І бөлім
Алдын ала есептеулер
1. Сұн зы: «Cоғыс – мемлекет үшін ұлы іс, ол өмір мен өлімнің негізі, өмір мен өлім жолы. Мұны түсіну керек», – дейді.
2. Демек, ол бес құбылысқа негізделген (ол жеті есеппен өлшенеді және олар арқылы жағдайды анықтайды).
3. Біріншісі – Жол, екіншісі – Аспан, үшіншісі – Жер, төртіншісі – Қолбасшы, бесіншісі – Заң.
Жол – билеушінің ойы мен халықтың ойы бірдей болатындай дәрежеге жеткенде, халық басшысымен бірге өлуге де, онымен бірге өмір сүруге де дайын болғанда, ал басшы қорқынышты да, күмәнді де білмейтін кезде ашылады.
Аспан – жарық пен қараңғы, суық пен ыстық, бұл уақыт тәртібі.
Жер – алыс пен жақын, тегіс пен бұдыр, кең және тар, өлім мен өмір.
Қолбасшы – ақылдылық, бейтараптық, адамгершілік, батылдық, қаталдық.
Заң – әскери құрам, басқару және қамтамасыз ету. Бұл бес құбылысты естімеген қолбасшы жоқ, оларды игерген қолбасшы жеңіске жетеді; ал меңгере алмағаны жеңіліс табады.
4. Сондықтан соғыс жеті есеппен өлшеніп, осылайша жағдай анықталады.
Қолбасшылардың қай бірі Жолдың иесі? Қай қолбасшының өнері басым? Аспан мен Жерді кім пайдаланды? Ережелер мен бұйрықтарды кім сақтайды? Кімнің әскері мықты? Кімнің офицерлері мен сарбаздары жақсырақ дайындалған? Кім дұрыс марапаттап, лайықты жазалайды?
Осылар арқылы мен кімнің жеңетінін, кімнің жеңіліс табатынын білетін боламын.
5. Егер қолбасшы менің есептеулерімді меңгеріп барып, өз қолданысына жаратса, ол міндетті түрде жеңіске жетеді. Мен онымен бірге боламын. Егер қолбасшы менің есептеулерімді меңгермей тұрып қолдана бастаса, ол жеңіліске ұшырайды. Мен оны тастап кетемін. Егер ол менің есептеулерімді пайдаға асыру ойымен үйренетін болса, үйренгендерін ол соғыстан да тыс жерде пайдаға асыруына болады.
6. Күш – тиімділікке сәйкес тактиканы қолдану қабілеті.
7. Соғыс – алдаудың жолы. Сондықтан, қолыңнан бірдеңе келсе де, қарсыласыңа оны білтіртпе; егер сен бір дүниені пайдаланып жатсаң, оны қолданбай жатқандай көрсет; сен оған жақын орналасқан болсаң да, алыс орналасқандай кейіп таныт; оны өз игілігіңе пайдалан; оның көңілін қалдырып тұрып, жаулап ал; егер жау толықтай дайын болса, сен де бәріне дайын бол; егер ол күштірек болса – аулақ бол; оның ашуына тиіп, мазасын әбден қашыр; кішіпейіл кейіпке еніп, оның бойында тәкаппарлық сезімін оят; егер оның күші әуелгідей мықты болса, оны шаршат; егер оның жауынгерлері тату болса, олардың арасына іріткі сал; оған шабуылды ол дайын емес сәтте жаса; ол күтпеген кезде шабуылға аттан.
8. Мұның бәрі көшбасшының жеңісін қамтамасыз етеді; дегенмен, ештеңені алдын ала болжау мүмкін емес.
9. Кім шайқасқа дейін алдын ала есеп бойынша жеңіп тұрса, оның мүмкіндіктері көп; кімде-кім шайқас алдында есеп бойынша жеңбесе, оның мүмкіндігі аз. Кімнің мүмкіндігі көп болса, сол жеңіске жетеді; мүмкіндігі аз немесе мүмкіндігі жоқ тараптың тасы өрге домаламайды. Сондықтан осы алдын ала есепті көргенде-ақ, мен қай тараптың жеңіп-жеңбейтінін анық айта аламын.
Darmowy fragment się skończył.