Czytaj tylko na Litres

Książki nie można pobrać jako pliku, ale można ją czytać w naszej aplikacji lub online na stronie.

Основной контент книги Орта ғасырлар тарихы
Tekst

Objętość 441 stron

2014 rok

0+

Орта ғасырлар тарихы

4,6
10 ocen
Czytaj tylko na Litres

Książki nie można pobrać jako pliku, ale można ją czytać w naszej aplikacji lub online na stronie.

Niedostępne w sprzedaży

O książce

Еуропаның орта ғасырлар тарихына арналған оқу құралы оқытудың кредиттік технологиясы негізінде білім беру жүйесінің типтік бағдарламасына сай жазылған. Батыс елдері дамуының орта ғасырлар кезеңінің үдерістері мен тарихи ұстанымдарын баяндаған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына арналған.

Zobacz wszystkie opinie

Өте керемет кітап. Тілі жеңіл, жеңіл оқылады. Тарихшы студенттерге, оқытушыларға, сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне өте қажет.

Өте керемет кітап, пайдалы ақпараттар алдым. Оқуға кеңес беремін

Zaloguj się, aby ocenić książkę i dodać recenzję

белсенділігін өсірді. Мәдени өмір қала мәдениетінің даму белгісімен жүрді. Ол сананың секуляризациясына, білім мен тәжірибенің рационалдығына алып келді. Бұл үдерістерді Қайта Өркендеу мәдениеті мен гуманизм идеологиясы күшейтті. б) Кейінгі орта ғасырлар – ХV-ХVІ ғасырлар; феодалдық қоғамның негізінде капиталистік қатынастар қалыптаса бастаған кезең. Экономикалық және әлеуметтік өмір феодализмнің ыдырау үдерісімен, ерте капиталистік қатынастардың генезисімен сипатталады. Әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі ірі қақтығыстарға алып келді. Олар өз кезегінде алғашқы буржуазиялық революциялардың жеңісіне әсер етті. Феодалдық мемлекеттердің үшінші түрі – абсолюттік шексіз монархия қалыптасты. Қоғамның рухани өмірін ерте буржуазиялық революциялар, кейінгі гуманизм, Реформация, контрреформация анықтады. Орта ғасырлар тарихының әрбір сатысы Еуропа территориясында халықтардың ірі қоныс аударуымен байланыста болды. IV-VII ғасырларда – ғұндардың, герман және славян тайпаларының қоныс аударуы; скандинавия, венгр, арабтардың жорықтары, Батыс еуропалықтардың Шығыс пен Шығыс Еуропаға ХІ-ХІІІ ғасырлардағы экспансиясы және де ХV-ХVІ ғасырларда батыс еуропалықтардың Шығысты, Африканы, Американы отарлауы. Орта ғасырларда жерге феодалдық меншіктің шартты сипаты және сонымен байланысты жерді меншіктеу құқығы қалыптасты. Феодалдық меншіктің дамыған түрі – «феод» (латынша – Ғеойиш), «феодализм» термині осыдан шыққан. Феодализм жерге мұрагерлік жеке меншікті бейнелейді, ол – міндетті түрде әскери қызмет атқарумен, сеньордың пайдасына бірталай міндеткерліктерді орындаумен тығыз байланысты болды. Сеньор және онан кейінгі бағыныштылық баспалдағында тұрған сеньор да заң жүзінде сол феодтың меншігі болып табылады. Қосымша табыстың көзі феодалдық рента еді. Феодалдық жер рентасы – жериеленушілердің тәуелді шаруалары қосымша еңбегінің немесе қосымша өнімінің бір бөлігі. Феодалдық рента феодал меншігіндегі жерді іске пай- даланудың экономикалық формасы міндетін атқарды. Рентаның үш түрі: жұмыс атқару түріндегі рента (барщина), өнімдік рента (оброк), ақша түріндегі рента болды. Көп жағдайда рентаның үш түрі қатар жүрді. Дегенмен, феодализм дамуының әртүрлі кезеңдерінде рентаның бір түрі басым болатын деуге де болады. Орта ғасырлар тарихымен біздің заманымыздың аралығын ұзақ уақыт бөліп жатыр. Орта ғасырларда Еуропа халықтары, қалалар мен мемлекеттер пайда болып, ұлттық тіл, мәдениет және ұлттық мінез қалыптасты. Орта ғасырлардан алынған әлеуметтік және саяси тәжірибе қазіргі парламенттің, батыс еуропалық демократиялық және құқықтық қоғамның негізін қалады. Әдебиеттің, өнердің жоғарғы үлгілері, философиялық, саяси, тарихи ой, еуропалық мәдениет пен рухани өмірді қазір де сусындатып отыр. Уақыт арасындағы «тірі» байланыс, орта ғасырлар тарихына тек ғылыми қызығушылықты туындатып қана қоймай, өткеннен қазіргі өмірдің мәселелерін іздеуге мүмкіндік береді, тарихты бүгінгі күнмен байланыстырады. Осы жағдай медиевистиканы тарихи білім саласының қызықты ғана емес, өзекті аймағына айналдырып отыр. Орта ғасырлар тарихы бір сөзбен айтқанда, әлем тарихы мен өрке- ниетінің ең күрделі кезеңі болып шығады.

«Орта ғасырлар тарихы» — czytaj online na stronie. Zostaw komentarze i recenzje, głosuj na ulubione.
Ograniczenie wiekowe:
0+
Data wydania na Litres:
30 października 2017
Data napisania:
2014
Objętość:
441 str. 2 ilustracji
ISBN:
978-601-04-0568-4
Właściciel praw:
КазНУ