Czytaj książkę: «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ», strona 6
Czcionka:
Сағынсам, өз еліме жеткізе ме,
Айтсаңыз, мархаматты аталарың?
– Көңілді бос суытпа біздей қыздан,
Сізге уəде біздерге Тəңірі айтқызған.
Шыдағанша шыдап бақ қасымызда,
Қайтпағың келер біздің қолымыздан.
Сені біз жар етпейміз, бауыр еттік,
Достықпен жүрек еріп тəуір еттік:
Түбінде сен тұра алмас болсаң мұнда,
Еліңе жеткізуге біз де жеттік.
Құп болады десті де, серт байласты,
Қатты-қатты айтысып уағдаласты.
Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен
Тым жақын дос болуға ыңғайласты.
Күн жаңғырып, бойына қуат енген.
Алтынды үйдің ішінде еркеленген.
– Жан-жағын қалай сайран қылсаң еркің,
Жалғыз-ақ бір есікке кірме, – деген.
Екі қыз кетіп бір күн, қалды Əзім,
Салған жоқ қыздар оның көңліне ажым.
Тал түсте бағанағы кірме деген
Есікке кіріп кетті – бар ма лажың?
Кірсе, ар жағы дөңгелек қалың ағаш,
Ішінде бір қауыз бар ернеуі тас.
Бұлбұл сайрап, миуасы салбырап тұр,
Салтанатын түгендей айтып болмас.
Тас ернеуі – меруерт, ол көрінген,
Кеткісі келмес жанның мұны көрген.
Ер Əзім тамашалап қарап тұрса,
Бір түрлі таңғажайып құстар келген.
(аяқталмаған)
Gatunki i tagi
Ograniczenie wiekowe:
12+Data wydania na Litres:
26 lutego 2017Objętość:
9 str. 1 ilustracjaWłaściciel praw:
Public Domain