Ыбырай Алтынсарин

9 subskrybentów
Wyślemy powiadomienie o nowych książkach, audiobookach, podcastach

Cytaty

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.

Бір құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық , Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Істің болар қайыры Бастасаңыз аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Мал дәулеттің байлығы, Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы, Күннен-күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған… Өнер-білім бәрі де Оқуменен табылған.